Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Нидерланд елі Голландия атауынан бас тартты

Нидерланд елі Голландия атауынан бас тартты

Нидерланд елі Голландия атауынан бас тартты

Нидерланд мемлекетінің үкіметі "Голландия" атауын қолдануды доғару туралы шешім қабылдады. Алдағы уақытта тек Нидерланд атауын әлемге таныту жолында жұмыс істемек.

"Нидерланд" сөзі "жер қойнауы" деген мағынаны білдіреді. Кейбір деректер мұндай атауды Х ғасырда Рим империясының қол астында болған кезде пайда болды дейді. Алайда тарих беттерінде "нидерланд" сөзі ХІV ғасырдан бастап кездеседі. Ұзақ уақыт бойы бұл жерде көптеген тайпалар бір-бірімен аралас-құралас өмір сүрген. Неміс билеушілері бұл аумақты өз меншігіне алу үшін оның теңізге жақын орналасқанына қарап "жер қойнауы" деп атаған екен.

Ал енді "Голландия" атауы қайдан келген дегенге тоқталатын болсақ, бұл Нидерланд мемлекетінің құрамындағы жер атауы. Голландияның өзі Оңтүстік және Солтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік бөліктің астанасы Амстердам қаласы Голландияның даму, өсу ортасы болған. Орта ғасырда Голландияның мәдени және экономикалық жетістіктерінің дүмпуі бүкіл Еуропаға таралған. 1697 жылы Ресей патшасы І Петр туыстарымен Голландияға келген екен. Ол кемелерін қайта жөндеуден өткізу үшін шеберлер жалдаған.

Ұсталардан қай жерден келдіңіздер дегенде өз аумағының дамығанынан масаттанған олар Нидерланд емес, "Голландиядан келдік" деп жауап берген. Уақыт өте келе бұл екі атауды көп адамдар екі мемлекеттің аты деп ойлай бастады. Сол себепті шатастырып жатады. Нидерландтың алтын дәуірінде мемлекеттің экономикасы, құл саудасы және басқа мемлекеттермен экономикалық байланыстарды орнату сияқты жоғары лауазымды адамдар голландиялықтар болған екен. Олар өз кезегінде "Голландия" сөзінің жиі айтылып, таралуына сеп болған.

Нидерландтың орталық үкіметі, туризм кеңесі және бизнес көшбасшылары біріге жасаған ұлттық ребрендинг биылғы жылдың соңында жүзеге асады. Министрлер халықаралық деңгейде "Голландия" атауын қолдануды тоқтатып, есірткі қолданушы және Амстердамдағы қызыл шамдар елі стереотипінен айырылу үшін жаңа жобаны қабылдауға бел буған.

Жаңа жоспардың аясында келесі жылы Роттердамда өтетін Евровидение мен Токио Олимпиада ойындарында Нидерланд атауы ресми бренд болмақ. Сондай-ақ кез келген ресми іс-шараларда ұлттық футбол құрамасына да тек "Нидерланд" атауын қолдануды талап етпек.

Ел үкіметі Нидерландты ашық, өнертапқыш және инклюзивті мемлекет ретінде әлемге танытуды жоспарлап отыр. Бұған қоса Нидерландты "жаһандық проблемаларды шешуге арналған алдыңғы қатарлы технологиялар жасаушы" ел ретінде танытпақ.

Мемлекеттің халықаралық аренадағы имиджін қалыптастыру үшін туризм кеңесі, Нидерланд конвенциясы мен үкіметі, өнеркәсіп пен жұмыс берушілер Конфедерациясы, сондай-ақ жеке сектордағы көшбасшы компаниялар бірігіп жұмыс істеуге келісімшартқа отырды.

2030 жылға қарай Нидерланд еліне 42 миллион турист келеді деп жоспарлануда. Өткен жылы бұл көрсеткіш 18 миллионға тең болған. Ал туристерді Амстердам қаласындағы қызмет көрсету саласы қызықтырады екен.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: PxHere
Қосылған күні: 07 қазан, 11:25

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.