Жер бетіндегі ең қарт тұрғын дүниеден озды

Жер бетіндегі ең қарт тұрғын дүниеден озды
Фото: ntv.ru

Жер бетіндегі ең қарт адам саналып келген жапондық Тис Мияко 117 жасында дүниеден озды. Бұл туралы күншығыс елінің денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігі хабар таратты.

Тис Мияко 1901 жылдың 2 мамырында дүниеге келген. Ол осыдан үш ай бұрын отандасы Наби Тадзима дүние салғаннан кейін жер бетіндегі ең қарт адам атанған еді.

Тис Мияконың қазасынан кейін жапон Канэ Танаке ең қарт адам саналуда. Ол 1903 жылдың 2 қаңтарында дүниеге келген.

Н. Үсенова