100 жыл сақталған шоколад

100 жыл сақталған шоколад
Фото: vk.com

Ұлыбританияда 103 жыл бойы сақталып келген шоколад бәссаудаға шығарылатын болды.

Батыс басылымдарының хабарлауынша, шоколад Бірінші Дүниежүзілік соғыс ардагері Ричард Буллиморға тиесілі екен. Ардагер 1967 көз жұмған.

Бір қорап шоколад пен темекі Францияда соғысқан әскерге жіберілген Рождестволық сыйлық болып шықты. Буллимор шылым шекпейтін, тәтті құмар емес болғандықтан, сыйлық сол күйінде осы күнге дейін сақталған. Бәссаудаға ардагердің хаттары мен медальдары бірге қойылады.  

А. Оралқызы