Аль Капоненің Майамидегі сарайы

Аль Капоненің Майамидегі сарайы
Фото: vk.com

Атақты гангстер Аль Капоненің аңызға айналған үйі сатылымға шығарылды. 

93 Palm деген атаумен танымал сарай Майами мен Палм-Айленд аралының шекарасында орналасқан. Оның құрылысы 1922 жылы жүргізілген екен. Үйдің жалпы ауданы 11 мың шаршы метрді құрайды.

Аль Капоненің  мекеніне жақында ғана қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалды. Жылжымайтын мүлік $ 15 миллионға бағаланып отыр. Сарайда 7 жатын бөлме мен 5 жуынатын бөлме бар.

Терезелерінен көрші жатқан Гибискус аралының көз тартар табиғаты көрінеді. Аулада қонақтарға арналған бөлек үй мен бассейн бар. Қауіпсіздік мақсатында үй 2 метр қорғанмен қоршалған.

А. Оралқызы