Second Hand негізгі нарықты басып алады

Second Hand негізгі нарықты басып алады
Фото: vk.com

Киілген, бірақ сапалы киім саудасымен айналысатын америкалық ThredUp сынды компаниялар алдағы он жылда негізгі нарықты жаулап алады.

Бұл сарапшылардың пікірі. Мамандар 2027 жылға қарай қайта сату нарығы масс-маркеттен гөрі басымдау болады деген қорытындыға келді.

ThredUp-тың жыл сайынғы зерттеулері нәтижелерін жариялайтын баяндамасындағы мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы киілген киімсаудасы $ 20 миллиардтан $ 41 миллиардқа дейін өседі. Ал, тұтынушылар гардеробының 11 %-ын Second Hand киімдері құрайды.

«Болашақта гардероб біз көріп жүргеннен мүлде бөлек болады», - дейді ThredUp компаниясының өкілі. Әдетте киілген киімді сапалы дизайнерлік үлгіні арзанға алғысы келетіндер тұтынады. 

А. Оралқызы