Тыңшылық тарихына арналған мұражай

Тыңшылық тарихына арналған мұражай
Фото: vk.com

Манхэттеннің орталығында тыңшылық тарихы туралы интерактивті Spyscape мұражайы ашылды.

Мұндай мұражай идеясын жүзеге асыру жолында Дэвид Аджайе есімді белгілі британиялық сәулетші жұмыс істеді. Spyscape 18 мың шаршы метрден астам аумақты қамтиды. Мұражай жалпы саны 7 көрме залынан тұрады. Олардың әрқайсысында келушілер бақылау, шифрлау, алдау, хакерлік және барлау сынды түрлі шпиондық әдістерді іс жүзінде пайдалу мүмкіндігіне ие болады.

«Біз бұл жоба арқылы адамдарға шпиондық дағдыларындың күнделікті өмірмен тығыз байланысты болуы мүмкін екенін түсіндіргіміз келді», - дейді Spyscape мұражайының директоры Шелби Причард. Мұражай жобасымен жұмыс істеген кезде, Дэвид Аджайе белгілі хакерлік топтардың бұрынғы мүшелерімен және барлау агенттіктерінің өкілдерімен ынтымақтастық жасаған.

Мұражайдың дизайнында шыны, цемент, арнайы акустикалық панельдер және тегістелген жылтыратылған болат сияқты түрлі материалдар пайдаланылды. Ал, көмескі жарықтандыру шпиондық жұмбақ атмосфера қалыптастырады.

Келушілерге өздерін тыңшы ретінде сынап көруге мүмкіндік беретін мұражайдың интерактивті экскурсиясы ұсынылады. Турдың соңында келуші өзінің тыңшылық қабілетіне анықтама алады және осы орайда жетілдіру керек тұстарына қатысты ұсыныстар да жасалады.

Сонымен қатар, Spyscape мұражайында кафемен қоса, мыңдаған сирек кездесетін тыңшылық кітаптар мен түрлі тақырыптық гаджеттер сататын кітап дүкені де бар.

Мұражайға кіру тегін емес, 39 доллар тұрады.

А. Оралқызы