Әлемдегі ең қауіпті және қауіпсіз қалалар

Әлемдегі ең қауіпті және қауіпсіз қалалар

Әлем бойынша түрлі статистикалармен айналысатын Numbeo ұйымы ең қауіпсіз және ең қауіпті қалалар рейтингін жасады. Ол, ең алдымен, қылмыстың орын алу жиілігіне байланысты топтастырылды.

Рейтингте жалпы саны 378 қала бар. Олардың ішіндегі ең қауіптілері: Каракас (Венесуэла), Сан-Педро-Сула (Гондурас), Питермарицбург (ОАР) және бірнеше оңтүстік африкалық қалалар мен Рио-де-Жанейроны қоса есептегендегі Бразилияның бірнеше мегаполисі.

Ең қауіпсіз 10 қала қатарына төмендегілер енді:

1. Абу-Даби (БАӘ);
2. Мюнхен (Германия);
3. Тайбэй (Тайвань);
4. Базель (Швейцария);
5. Орхус (Дания);
6. Гейдельберг (Германия);
7. Доха (Катар);
8. Сингапур (Сингапур);
9. Мангалор (Үндістан);
10. Цюрих (Швейцария);

А. Оралқызы