Біз айтып өткен өзгерістер тек Күн жүйесінде ғана болған өзгерістер, ал галактикада қандай өзгерістер болды екен, соған тоқталып көрейік.
Галактикамызда Күнге ұқсас, бірақ көлемі кішірек Жұлдыз пайда болды. Галактика уақыт өткен сайын үлкейіп, кеңейіп барады. Ал галактикада барлық материялар (ғаламшарлар, жұлдыздар, т.б.) тұман мен будан, түтіннен жаратылғаны белгілі. «Үлкен Жараталыс теориясы» бойынша галактика әу баста түтіннен, яғни сулы газдың жарылысынан пайда болған әрі уақыт өткен сайын бұл кеңістік кеңейіп, толысып отырған. Сол тәрізді галактика кеңейген сайын, оның «орнын толтыратын» жаңа материялардың пайда болатыны анық. Жыл сайын Құс Жолында үлкенді-кішілі әртүрлі жұлдыздар пайда болып отырады екен. Қазіргі астрономиялық білім негізінде жыл сайын галактикада 0,65 күн массасына тең жұлдыз пайда болатыны анықталған. Бұл, әрине, орташа есеп бойынша. Оның орнына жүз жылда 100 күн массасына тең үлкен бір жұлдыз немесе жыл сайын ұсақ-ұсақ 5 жұлдыз пайда болуы мүмкін. Дегенмен, салыстырмалы түрде жыл сайын Күн көлеміндей бір жұлдыздың негізі пайда болып отыратын көрінеді.
Биылғы жылы Галактикамыз былтырғы жылға қарағанда біршама салқындады. Үлкен Жараталыс теориясы бойынша Бүкіл Әлем жаратылған сәтте Галактикадағы температура деңгейі терминодинамикалық температурамен есептесек, 1032 К-ге тең болған. Ал оны Цельсийге айналдырсақ, 4 млн. Цельсий градусқа тең болатын еді. Физикадан білетіндігіміздей, температура жоғары болғанда ғана протондардың қозғалысы күшейіп, жаңа бөлшектерді жасауға деген қабілеті бірден артады. Атомдық бомбаның да жұмыс істеу принципі дәл осы температураны жоғарылатумен, сол арқылы жаңа элементтерді жасап жарумен байланысты. Бүкіл Галактика осы жоғарғы температураның арқасында пайда болған болатын. Жаңа элементтердің пайда болуы температура салқындай бастағаннан кейін тоқтап қалған (Үлкен Жарылыстан кейін 379 000 жылдан кейін). Галактика уақыт өткен сайын кеңейіп бара жатқандықтан, температура да төмендей түседі. Уақыт өткен сайын космостық микротолқынды сәулелену тәрізді жылы процестердің болғандығы санамыздан өше бастайды.
20 000 жұлдыз бізден алыстады. Галактикамыздың кеңейіп жатқандығын айтып отырмыз ғой: қара энергия уақыт өткен сайын қуат алып, Бүкіл Әлемнің үлкеюіне, кеңеюіне мүмкіндік жасап отыр. Ал температура төмендеп, галактика суып жатыр. Галактикадағы материялар бір-бірінен алыстап, арақашықтық бірнеше жарық сәулесіне артуда. Бүкіл Әлем жаратылғаннан бері айналамыздағы жұлдыздар мен ғаламшарлардың 97%-ы бізден қашықтаған. Ал қалған 3%-ы айналамызда болғанымен, олар да алыстап барады. Біз Жер шарынан 15 млрд. жарық жылдамдығына тең қашықтықтағы жұлдыздарды бақылай аламыз. Есептеу бойынша, жыл сайын бізге көрініп тұрған 20 000 жуық жұлдыз көзден «тасалана бастайтын» көрінеді.