Әлемдегі ғажайып құбылыстар

Әлемдегі ғажайып құбылыстар
Фото: boredpanda.com

Табиғатты түгел танып-білу мүмкін емес. Адамзат баласының неше түрлі сиқырымен таңғалдырып келе жатыр. Ал адамдар сырын түсінбей келеді, тек дәл уақытында суретке түсіріп, қызықтап қойып жүр. Сіздердің назарларыңызда табиғаттың тылсым ғажайыптарын ұсынып отырмыз.

Солтүстік шұғыласы

Табиғаттың бұл ерекше құбылысын жердің солтүстік және оңтүстік полюстерінен бақылауға болады Қазір ауаның ластану әсерінен жер шарымыздың солтүстік бөліктерінен ғана анық көруге мүмкіндік бар. Аспандағы ашық түсті алуан түрлі ұшқындар мен жарқылдар магнит өрісінің күн сәулесін өзіне тартуынан пайда болады.

Күн тіреуіштері

Мына табиғи құбылыс отты құйын секілді сирек кездеспейді. Жарқын тіреуіштер солтүстік шұғыласы сынды көрікті жаратылыс. Мұндай тіреуіштер ауа температурасы 20 градустан төмендегенде пайда болады. Дәл осындай температурада бұлттар мұзды кристаллдар түзе бастайды да, атмосфераның төменгі қабаттарында күнмен шағылысады. Әдетте, кристаллдар жерге жетпей жатып буланып кетеді екен.

Отты құйын (торнадо)

Жалпы, құйынның өзі – қорқынышты құбылыс. Ал тілсіз жаумен қосылса тіптен жаман. Мұндай құбылыс өрт болып жатқан жерде орын алады. Өрттің жекелеген ошақтары бір үлкен алауға біріккенде ауа қысымы қатты көтеріліп, жоғарыға қарай лаулай бастайды. Құйын тудырған ыстық ауаның шапшаңдығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Күннің тұтылуы

Күннің тұтылуы – өте жиі байқалатын қызықты құбылыс. Дегенмен, оны жердің кез келген бұрышынан көруге болмайтындықтан, әлем халықтары мұны сирек орын алатын құбылыс деп ойлауы мүмкін. Ол айдың қимыл-әрекетінің (Күн табағынан өткенде) нәтижесінде пайда болады. Айдың Күнге қарағанда жерге жақын орналасу себебінен (400 есе) күн бетін толықтай жабуға мүмкіндігі бар.

Су ұйығы (иірімі)

Олар көбіне қайтқан және толысқан толқындардың соқтығысуынан пайда болады. Иірімдегі су қимылының жылдамдығын есептеу мүмкін емес. Тіршілік иесінің жұтылып кетуі ғажап емес. Көптеген ғалымдар су иірімдерінің кемелер үшін қауіпті екендігін жиі ескертіп жатады, дегенмен, тарихта ұйыққа құрбан болған кемелер тіркелмеген.

Екі жағы томпақ бұлттар

Бұл ғылымда бірнеше онжылдықтар бұрын ашылған құбылыс. Ғылымдағы атауы - “Lenticular mammatus”. Олар көбіне ұшатын табаққа ұқсас келеді. Екі жағы шығыңқы бұлттар соңғы рет осыдан 30 жыл бұрын көрінгендіктен әлі де толық зерттелмеді. Алдыңыздағы сурет 2005 жылы АҚШ-тың Джоплин қаласында түсірілген.

Түн шамы

Бұл планетамыздағы ең тамаша теңіз ғажайыбы болар. Құбылысқа себеп болып отырған – “Noctiluca scintillans” аталатын өте майда ағзалар. Олар теңізді "Лазерлі шоуға" айналдырып жібере алады. Жәндіктер бір жерге жиналғанда оларды ғарыштан да бақылауға болады. Қысқасы, мына кереметті суреттеп беру мүмкін емес.

Е. Жұмабайұлы