National Geographic-2016 байқауының үздік суреттері

National Geographic-2016 байқауының үздік суреттері
Фото: bigpicture.ru

Жыл сайын ұйымдастырылатын National Geographic Travel Photographer of the Year байқауы биылғы жылы да нәтижесін жариялады. Байқау дәстүрге айналған шарт бойынша: "Қалалар", "Адамдар", "Табиғат" категориясы бойынша іріктелген. Олай болса, өздеріңіз бағалап көріңіздер.

Хироки Иноуэ, "Сен жүрген жермен жүргім келеді" (Wherever you go, I will follow you!!) – "Табиғат" категориясы бойынша жеңімпаз. Сурет Жапонияның Хоккайдо аралында түсірілген.

Байқаудың Гран-При иегері – Энтони Лаудың "Қыс шабарманы" (Winter Horseman) деп аталатын суреті. Бұл сурет "Адамдар" категориясы бойынша да үздік деп танылған. Сурет Моңғолия жерінде таңда түсірілген.

Такаши Накагава, "Бен Юсеф" (Ben Youssef) – "Қалалар" категориясы бойынша үздік сурет. Сурет Марракеште  Бен Юсеф медресесінде түсірілген.

Массимильяно Бенчивенни, "Қос тұзақ" (Double trapping) – "Табиғат" категориясы бойынша екінші орын иегері. Сурет Баризилияның батысында, Пантанал шалшығында түсірілген.

Ясмин Мунд, "шатырдағы ұйқы, Варанаси" (Rooftop Dreams, Varanasi) – "Табиғат" категориясы бойынша екінші орын иегері. Сурет Үндістанда түсірілген.

Вин Ка Хэ, "Тыныштық" (Silenced) – "Қалалар" категориясы бойынша екінші орын иегері. Сурет авторы бұл суретті Қытайдың Гуанчжоу қаласында түсірген.

"Табиғат" категориясы бойынша жүлделі үшінші орынға ие болған сурет. Авторы Виктор Лима туындыны "Балтинач мүйісі" деп атапты.

"Адамдар" категориясы бойынша үшінші орынға ие болған сурет. Авторы – Маттиа Пассарини, "21" атты туындысы Үндістанның Химачал-Прадеше ауылында түсірілген.

"Қалалар" категориясы бойынша үшінші орынды иеленген Джереми Тэннің "Көк фантазиясы" атты туындысы. Малайзияның Пенанг Джорджтаун штатында түсірілген.

Г. Берік