Алғыс айту күні өзге елдерде

Отанымыз – Қазақстанда алғыс айту күні алғаш рет тойланып жатқандықтан, кейбіреулерге әдеттегі жұмыс күні секілді болып, мереке екені сезілмеуі мүмкін. Жақын-жуықтарымызға, көптен араласпаған таныс-тамырымызға хабарласып, жасаған жақсылығын еске алып, алғыс айту арқылы мерекені сезіну, сезіндіру өз қолымызда. Ал сын жылдық тарихы бар мейрамды өзге елдер қалай тойлайды?

Америкада алғыс айту күнін қараша айында (төртінші бейсенбі) Рождество деңгейінде, яғни өте жоғары дәрежеде атап өтеді. Отбасы мүшелері дастарқан басына толық жиналып, өткен-кеткен оқиғаларды еске түсіріп, бір-біріне шын жүректен алғыс білдіреді. Барлығы бірге шіркеуге барып, ғибадат етеді. АҚШ-та бұл күн күркетауықпен ерекшеленеді. Бұл мейрамды алғаш тойлағанда үндістер (америкалық халық) мен қоныс аударушылар орманнан атып әкелген төрт түйетауықты қатарынан қылғытқан екен. Содан бері күркетауық алғыс айту мейрамының ажырамас бөлігіне айналған.

Кассава

Либерия Америкадан қашық орналасқанымен, айтулы күнді атап өтуі өте ұқсас. Ерекшелігі, Либерияда қарашаның соңғы емес, алғашқы бейсенбі күні тойлайды және күркетауық етінің жанында міндетті түрде кассава өнімі болады. Бақытты өмірі үшін алғыс айту шарасы дәл Америкадағы секілді өтеді.

Германияда алғыс айту мейрамын «Erntedankfest» атап, қазан айының алғашқы жексенбі күні, егін алқабында тойлайды. Келесі жылы да егін осылай түсімді болсын деп ниеттеніп, тамаша табиғат (орман, көкөніс, жеміс-жидек) тарту еткен тағдырға алғыс айтады. Дастарқанға жаңа піскен көкөніс, жеміс-жидек, дәнді-дақыл, Германияның дәстүрлі тағамдарын, өзге де дәмді-тәттілерді қойып, атап өтеді. Осы азықтарды мейрам нышаны ретінде дастарқанға қойып, көшеде фестивальдар өткізеді.

Израиль халқы да Суккот мерекесі – алғыс айту күні 3000 жылдан бері тойлап келеді. Шөл далада ауырмай-сырқамай, аман-сау өмір сүретініне тағдырға алғыс айтады. Көшеге шағын шатыр тігіп, жеміс-жидек, көкөністермен дастарқанды әрлеп, отбасы мүшелері кешкі ас ішеді, барлығына алғыс жаудырады.

Корея елінде алғыс айту шарасы 15 тамызға қарай, Чхусок деген атаумен мерекеленеді. Мейрам үш күнге созылады, жол бойында жиын жасалады. Кәрістер ұлттық тағамын, сонпхъян (송편; songpyeon) атты күріш бәлішін дастарқанға қойып, халықтық ойындар ойнайды.