- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Болгариядан әлемдегі ежелгі...
Болгариядан әлемдегі ежелгі алтын әшекей бұйым табылды
Фото:
pixanews.com
Болгарияның Провадия елді мекенінде (Варненск облысы) қазба жұмыстарын жүргізген археологтар олжаға кенелді. Олар әлемдегі ежелгі алтын әшекейлердің бірін тауып алды.
Әшекей саф алтыннан құйылған болып шықты және ол б.з.д. 4100 жылдары жасалған. Оның салмағы небәрі 2 грамм болғанымен, бұл аса құнды жәдігер екен. Ғалымдардың айтуынша, сол дәуірде алтын аса қымбат металл болып, оны тек әлеуметтік мәртебесі биік жандар ғана таққан. Сондай-ақ бұл бұйым оның иесі жерленген кезде арнайы салт-дәстүрге сәйкес бірге көмілген болуы мүмкін.
Дереккөз: 24.kz
Е. Жұмабайұлы