Испания жеріне аспаннан беймәлім зат құлады

Испания жеріне аспаннан беймәлім зат құлады
Фото: 24.kz

Испаниядағы Азаматтық гвардияға қарасты химиялық қорғаныс бөлімінің сарбаздары дабыл бойынша көтерілді.

Сөйтсе, Мул қаласындағы өрістердің біріне диаметрі 1 метрлік беймәлім зат құлап түсіпті. Дөңгелек пішіндес заттың салмағы шамамен 20 келі екен.  Химиктердің айтуынша, бұл Жердің жасанды серігінің қалдығы болуы мүмкін. Істен шыққан спутник енді ғарыш «қоқысына» айналған. Мамандар оның радиоактивтілік нормаларына сәйкес екендігін анықтады. Заттан жарылғыш элементтер мен ауру тудырғыш бактериялар табылмаған. 

Испания аэроғарыш сарапшылары «мұндай қоқысты аспаннан түсе қалады» деп күтпегендерін айтты.  Оның құлауы салдарынан ешкім зардап шекккен жоқ.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы