- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Ғалымдар Қытай жастарының...
Ғалымдар Қытай жастарының үштен бірінің темекіден өлетінін мәлімдеді
Фото:
tn.kz
Ғалымдар Қытай жастарының үштен бірінің темекіден өлетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Зерттеу нәтижесінде Қытайдағы жастардың 20 жасқа жетпей шылым шеге бастайтыны анықталған. Сонымен қатар, зерттеуде егер олардың темекіні дереу тастамаса ерте өлетіні айтылды.
Ғалымдардың болжамы жаға ұстатады: 2010 жылы темекі шегуден қайтыс болғандардың саны миллионға жетсе, 2030 жылы бұл сан 2 миллионға жетеді екен.
"Өлімнің алдын алу үшін темекіні тастау керек. Ал жастар темекі шегуді бастамауы тиіс", - дейді Оксфорд университетінің ғалымы Ричард Пето. Зерттеуге қарағанда, Қытайда шылымға әуестенгендердің қатары айтарлықтай көбейген, темекіден пайда болатын аурулардан көз жұмғандардың саны да өсіп келеді.