Кореялық суретші ерекше өнер түрін ойлап тапты

Кореялық суретші ерекше өнер түрін ойлап тапты

Жихун Пак – кореялық суретші. Ол пуантилизмдік өнердің қайталанбас азиялық әдісін ойлап тапты. Ол жанып тұрған ладан таяғымен алып күріш қағазына тесік жасау арқылы керемет өнер түрін дүниеге әкелді.

Жихун Пак: "Бұл – айналысып жүрген ісімнің өз уақытындағы ең ғажап нәрсесі деп үміттенемін. Бұл дегеніңіз – шындық утопиясы. Мен ладанмен сурет салып жатқанда, гармония рахатын қолыма ұстаймын", - дейді. 

Бұдан бөлек, Пак өз өнерін Инь мен Ян ұғымының бейнесі деп есептейді. Ақ пен қара тепе-теңдігі Инь мен Ян экстенсиясы болып табылады. Осылайша утопия жүзеге асады. «Утопия» сөзі корей тілінде «Yi Sang Hwang», яғни «Hwang» – ладан деген мағынаны білдіреді екен.

 

Н. Нұрмаханұлы