Нью-Йоркте 100 карат ақ гаухар тасы сатылымға қойылды

Нью-Йоркте 100 карат ақ гаухар тасы сатылымға қойылды

Нью-Йорктағы Sotheby’s аукционы 100 карат болатын ақ гаухар тасын сатылымға қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сарапшылардың айтуынша, гаухар тастың құны шамамен 19-25 миллион доллар болады. "Өте сирек кездесетін бұл тас - мәдени шедевр, табиғат ғажайыбы. Осы жарқыраған әшекейде бір бриллианттағы табуға болатын нәрселердің бәрі бар", - делінген Sotheby’s хабарламасында.

Айта кетейік, 2013 жылы Гонконгтағы Sotheby’s аукционына 118 караттық ақ гаухар тас 40,6 миллион долларға сатылдыған болатын. 2013 жылы Женевадағы аукционда "Қызғылт жұлдыз" гаухар тасы 74,1 миллион долларға сатылған. Ол ең қымбат бағаға сатылған құнды тас болды. "Қызғылт жұлдыз" сопақ пішінді 59,6 караттан тұрады. Sotheby's International Jewellery "Қызғылт жұлдызды" әлемдегі ең қымбат, ең қызғылт гаухар тас деп атаған болатын.

сурет: libymax.ru

Е. Қайрахан