- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Малтнома – Фолс...
Малтнома – Фолс сарқырамасы
Малтнома – Фолс (Multnomah Falls) – әлемдегі ең биік орналасқан сарқыраманың бірі. Ол АҚШ елінің Орегон штатына табан тіреген. Сарқырама екіге бөлінген: біріншісі, жоғарғы сарқырама -189 метр және екіншісі, төменгі сарқырама – 21 метр.
Малтнома – Фолс өте ыңғайлы жерде орныққан. Себебі кез келген турист немесе қарапайым жолаушы сарқыраманы алыстан, я болмаса жақын маңнан тамашалай алады. Бұл сарқырамада өзге сарқырамалармен салыстырғанда су қоры көп және ыстық күндері суы ешқашан тартылмайды. Туристер Малтнома – Фолс сарқырамасына көктем және күз айларында, әсіресе, көп келеді.
1914 жылы Малтнома – Фолс сарқырамасында Италия тас қалаушылары туристерге арнап көпір тұрғызған. Көпір жоғарғы және төменгі сарқыраманың екі ортасында орналасқан.
Оқи отырыңыз:
Мысық иттерге арнап жаңажылдық дастарқан жасады
Катардағы қолдан жасалған арал туралы білесіздер ме?
Италияда халықты алдаған цирк қожайыны тұтқындалды
Сурет: greglief.deviantart.com
Н. Нұрмаханұлы