- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Пенитентес дегеніміз не?...
Пенитентес дегеніміз не?
Анд тауының табиғат қойнауы көптеген таңғажайып, құпиялы дүниені өзіне жасырады. Соның бірі – «пенитентес». Қазақ тілінде ол «тәубеге келген күнәхарлар» деген мағынаны білдіреді. Себебі пенитентестерге алыстан қарасаңыз, қажылыққа аттанып бара жатқан ақ киім киген адамдарға ұқсайды.
Шын мәнінде пенитентес қармен көмкерілген төбе болып табылады. Олардың биіктігі әркелкі. Тіпті олардың бірнеше метр биіктікке шейін кездесетін түрлері де бар. Бір кездері мұнда биіктігі 5 метр болатын ең үлкен төбе табылған болатын. Пенитентесті көбіне Чили мен Аргентина мемлекеттері аралығында тау бөктерінде көптеп жолықтыруға болады. Ең алғаш рет пенитентес құбылысы жайлы Чарльз Дарвин өзінің жазбасында айтып кеткен. Кейінен біраз жылдардан соң ғалымдар олардың қалыптасу тәртіптерін анықтады. Пенитентес түнде қардың еруінен перпендикуляр қатып қалуынан пайда болады. Сөйтіп ол төменнен бір қатарда тізбектелген бір қалыптағы қар төбесі болып көрінеді.
Қар төбешігіне «пенитентес» атауын атақты суретші Решрейтер қойған. Суретшінің айтуынша, қар төбешіктері алыстан қарғанда «тәубеге келген күнәхарларға» ұқсапты. Суретші осы тау шатқалына жиі-жиі ат басын бұрып, жоғары қарай өрмелеп бара жатқан мүсіндерді табиғат аясында қыл қаламмен суреттегенді жанындай жақсы көрген екен. Мұндай қар төбешігі тек Анд тауында ғана емес, сонымен қатар Гималай тауының Эверест шыңындағы бұлттарға 30 метрге биіктіке дейін көтеріліп бара жатқандары да бар.
Оқи отырыңыз:
Жұмақ құстары жайында не білесіз?
Қытай көсемінің өмір бойы отырған көлігі
Тауэр көпірінің жаяу жүргінші жолы әйнектен жасалды
Сурет: masterok.livejournal.com
Н. Нұрмаханұлы