- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- БҰҰ әлемді 2100...
БҰҰ әлемді 2100 жылы мұнай және газдан бас тартуға шақырады
Біріккен Ұлттар Ұйымы осы ғасырдың соңына дейін жанармай қызметіне қажет болатын табиғи қазбалардың ретін азайтуға шақырып отыр. Егер олай жасалмаса, табиғи қазбалардың нәтижесінде атмосфераға шыққан газдар ауаның құрылымын бұзып, бүкіләлемдік проблемаға айналады.
БҰҰ өзінің соңғы жасаған мәлімдемесінде ғаламдық жылу үдерісіне баға беріп, барлық елдің басшыларынан 2050 жылға қарай ауаға шығарылып жатқан көмірқышқыл газды 70 пайызға дейін азайтуды сұрады. Сараптаманы жасаушы мамандардың айтуынша, егер алдағы 85 жылда адам баласы көмірқышқыл газынан арылу шараларын іске асырмайтын болса, қазып алынатын жанармайдың көмегімен электр энергиясын өндіру мүмкін емес болып қалады. Дегенмен, қазіргі кезде ауаны экологиялық тазартудан өткізу үшін құрастырылған технологиялық аппараттар бар, бірақ ол өте қымбатқа соғады, деп жазады Daily Mail.
Сондай-ақ, сыншылардың айтуынша, энергияның альтернативті көздеріне ауысуы да электрдің жұмсалу мақсатын өзгертіп жібереді және бағасы да біршама қымбаттап кетуі ықтимал екен.
«Еуропа бүгіннің өзінде жасыл технологиядан жапа шегіп отыр. Олар экология мен энергияның жұмсалуына қатысты бұрыс әрекеттерден арыла алмау үстінде. Әрине қазіргі кезде энергия көзіне қол жеткізудің ең арзан жолы қазып алынған жанармайды қолдану болып табылады. Сондықтан атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуға байланысты ғаламдық келісімге келу мүмкін емес», - дейді ғаламдық жылу бойынша мамандар.
Сарапшы мамандар қазып алынатын жанармай түрлерінен бас тартуды бүгіннен бастай беру керек екенін айтады. Транспорттардың дамуы мен қазба жұмыстарындағы қалдықтар адам өмірінің сапасын өзгертіп келеді. Егер осының бәрінен арыла алсақ, өндіріске дейінгі әлемдегі экологиялық өмірге қайта ораламыз.
Келесі жылы атмосфера сапасының өзгеруіне қарсы күресуге нақты шараларды қарастыру мақсатында қуатты алпауыт елдердің басшылары Парижде болатын БҰҰ-ның саммитінде бас қосады.
Суртет: www.aec-cea.ca
Ж. Өрісбай