- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Неге Еуропа мен...
Неге Еуропа мен Америка елдерінің hi-tech кәсіпорындары тап Қытай елінде орналасқан?
Сіз бір сәтке неге Еуропа мен Америка елдерінің hi-tech кәсіпорындары тап Қытай елінде орналасқан деп ойланып көрдіңіз бе? Мұнымен қатар бұл елдерде жұмыссыздық мәселесі өршіп тұр. Мұндай сауалға көп адам жұмыс күшінің арзандығынан немесе үнемшілдіктен деп ойлауы мүмкін. Алайда, жұмыс күші тек Қытайда ғана арзан емес.
Қытай халқы – өте еңбекқор және төзімді халық. Қытай мемлекетінде коммунист заманынан қалып кеткен кей кәсіпорын басшы қарамағында жұмыс істейтін жұмысшыларын күштеп, аз төлемақыға сапасыз дүниелерді жасатады. Сондықтан қазіргі таңда нарықта жүрген кей «Made in China» өнімдерінің сапасы көңілімізге күдік ұялатады.
Неліктен Қытай?
Кез келген жоғары технологиялы өнім сирек кездесетін металдан тұрады. Ал күнделікті пайдаланып жүрген IPad планшетінде ондай металдың 17 түрі бар. Мысалы, батареяға лантан, ал екі бүйір жағындағы магнитті бекіту үшін оксид церия элементі керек.
Қытай әлемдегі сирек кездесетін металдың 95-97%-ын жерден қазып алады. Сонымен қатар Қытай сирек кездесетін пайдалы қазбаларды шикізат ретінде шетелге экспорттауға рұқсат бермеген. Олар барлық металды дайын күйінде, яғни өнім түрінде шығарған. Әлем бойынша сирек кездесетін металдың жалпы бір күндік қажеттілігі 136 мың тоннаны құрайды. Ал мұндай көрсеткішке әзірше Қытай мемелекеті ғана қол жеткізіп отыр.
Оқи отырыңыз :
Үнділерді жеңіске жетелеген әскери айла
Қытайлар 15 күнде 30 қабаттық үй салып шықты
Орталық Қазақстандағы таңбалы тастар (Видео)
Непал елінің ерекше бал жинау дәстүрі туралы
Сурет: www.iphones
Н. Нұрмаханұлы