Бағдаршам қалай пайда болды?

Бағдаршам қалай пайда болды?

"Халықаралық  бағдаршам күні "  1914 жылғы тамыз айының 5 күні орын алған оқиғаға байланысты тойланады.

Бұл күні Американың Кливленд қаласында алғашқы заманауи бағдаршамның тұңғыш түпнұсқасы шыққан болатын. Бастапқыда аппарат тек екі түсті шамнан тұрды. Ал ол бір түстен екіншіге ауысқанда дыбыс шығаратын болған.

Алайда ең алғашқы бағдаршамды британдық Джей Найт есімді азамат XIX ғасырда ойлап тапты. Бұл құрылғы тұңғыш рет 1989 жылы Лондон парламенті орналасқан көшеге қойылды. Кейін үш жыл өткен соң бағдаршамның жарық шамы жарылып, абайсызда жақын тұрған полиция сақшысын зақымдаған көрінеді. Содан бағдаршам 50 жыл бойы ұмыт қалған. 1910 жылы алғашқы екі түсті автоматтандырылған бағдаршам патенттеліп, қолданысқа берілді. Ал күнделікті күнде көріп жүрген үш түсті бағдаршамыңыз алғаш рет Нью-Йорк қаласында 1920 жылы пайда болды. Жылдар өте бұл аппарат тиімділігін көрсетіп, Америка және Еуропа мемлекеттерінде кеңінен қолданыла бастаған. 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: www.idrive.kz

Н. Нұрмаханұлы