Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Бүгін - Отбасы күні

Бүгін - Отбасы күні

Бүгін - Отбасы күні

Отбасы – шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер

Қ. Аманжолов

"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелерді жерде қалдырмайды.

15 мамыр - халықаралық   отбасы   күні.  Атаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.

Мереке болған соң, міндетті түрде тарту етілетін сыйлықтар да болады. Сіздің де  дәл осы күні жарыңызға, ата-анаңызға, перзентіңізге, бауырларыңызға сыйлық жасап, қуаныш сыйлау мүмкіндігіңіз бар.

Отағасына кеңес:

Мереке күні өмірлік серігіңізге гүл шоқтарын тарту етуді ұмтытпаңыз. Жарыңызды дүкенге ертіп барып, қалағанын сатып алып берсеңіз де, артық етпейді. Ал, отбасының өзге мүшелеріне театрға немесе киноға билет алып, әсерлі кеш сыйлаңыз.

Отанасына кеңес:

Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағаты – әйел. Сондықтан, отбасы ұйытқысы өзіңіз болғандықтан, тосын сый ретінде барлық отбасы мүшелерін жинап, мерекелік дастархан жасап, қызықты кеш ұйымдастырыңыз.

Егер сіздің атаңыз не әжеңіз болса, оларға ескі суреттері жинақталып салынған фотоальбом сыйлаңыз. Көне көзді адамдар ескі суреттерге қарап, өткенді еске алғанды ұнатады. Немесе  ол кісілердің заманынан көрініс беретін ескі әндер жазылған үнтаспа сыйлаңыз.


Отбасыңыздың барлық мүшелері түскен әдемі суретті үлкен рамаға салып сыйласаңыз, барлығы да дән риза болмақ. Және жанұяңыздың мүшелерінің суреті бейнеленген шыныаяқтар немесе тарелкалар ұсынуға да болады.

Ең бастысы мереке күні бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көресете біліңіздер!

Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!

Суреттер : stressy.net, informi.ru, mail.ru

29087 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 15 мамыр 2012, 14:49
Пікірлер
+0
15 мамыр 2012, 15:51

Үйдегілерге қоңырау шалу керек болды :)

+0
15 мамыр 2012, 15:57

Құттықтаймын!

+0
15 мамыр 2012, 15:59

отбасы деген күшті ғой ))

+0
15 мамыр 2012, 16:51

Әрине, жанұям болмаса қайтерт едім...

+0
16 мамыр 2012, 11:48

отбасы деген жақсы ғой...әрине, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Сондықтан ыдыс-аяқтарыңыз пластмассадан болсын...

+0
16 мамыр 2012, 20:01

Халықаралық отбасы күні! Білмедім. Күшті мереке екен, құтты болсын! :) Мемлекет ішіндегі шағын мемлекеттің де бейбіт өмірі кім кімге де маңызды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...