Үндістандағы Лотос мұнарасы

Үндістандағы Лотос мұнарасы

Бәрі де былай басталды: бірнеше жыл бұрын танымал үндістандық Kothari Associates бюросының ұжымына Motisons Tower мұнарасының жобасына байланысты бірнеше тапсырма береді. Біріншіден, Motisons Jewellers компаниясының штаб-пәтері қаланың жауһарына айналып, туристер үшін тартымды ғимарат болуы керек. Екіншіден, ғимарат күндіз де, түнде де ерекшеленіп тұру керек. Үшіншіден, дизайны ұлттық дәстүрлерден тыс, бірақ, Джайпурды ғана емес, бүкіл әлемді таңғалдыратын жоба тууы тиіс. Қысқасы, сәулетшілер алдында аса қиын, яғни, бірегей Үндістандық нысан жасау мақсаты тұрды.

Осылайша, 9 бірдей түсті иемденген, әйнектен қашалып жасалған көптеген күлтелері бар зергерлік мұнара бой көтерді. Күлтелер табиғатта кездесетін бағалы тастар арқылы жасалған. Әрбір күлте периметрі бойынша алтын түсті шыны талшықтарымен безендірілген.

Мұнараның ең астыңғы қабатында алтын бұйымдар салоны, бірінші қабатта – бағалы тастар салоны, екінші қабатта – күміс салоны орналасқан, үшінші-жетінші қабаттарда кеңселік мекемелер болса, онан үстіңгі қабаттарында басшылық отырады.

Түнгі мезгілде жарық шашу жүйелері қызу жұмысқа кіріседі. Сәулетшілердің арқасында қаланың қақ ортасында жарқыраған гүл пайда бола шығады. Кешкі уақытта динамикалық жарықтық шоуды тамашалауға жиналатындар қатары көп. Лотос гүлінің әрбір күлтесі жеке басқарылады және оны әртүрлі түске өзгерту мүмкіндігі бар. Осы мүмкіндікті пайдаланған басшылық әрбір мереке сайын гүлге жаңа бейне береді. Мысалы, Тәуелсіздік күнінде Үндістан туының түсіне өзгертеді.

Джайпурлықтар қалаларындағы бас шайқап, таңдай қағарлықтай әсем ғимараттарымен мақтанады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет:architector.ua