Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Үні кетпес құлақтан...

Үні кетпес құлақтан...

Үні кетпес құлақтан...

Бүгін дүниежүзі үшінші жыл қатарынан радио күнін атап өтіп отыр. ЮНЕСКО атаулы күнді бекіту туралы шешімді 2011 жылы қабылдаған болатын.

Себебі, 1946 жылы ақпанның он үші күні "БҰҰ Радиосы" эфирге шыққан екен. Жалпы ең алғашқы радио дат ғалымы  Ганса Христиан Эрстедтің 1820 жылы жүргізген кездейсоқ тәжірибелік жұмысынан кейін дүниеге келді. Ол электр мен магнетизмнің арасындағы байланысты анықтайды. Ал ең алғашқы аппарат 1895 жылы жасалды. Оның авторы – орыс ғалымы Александр Степанович Попов екен. Алайда, Поповтың авторлығына келгенде таластар бар. Оның басты "бәсекелесі" ретінде италияндық радиотехник Гульельмо Маркони аталады. Ол 1896 жылы дәл осыған ұқсас аппаратты ойлап тапқан көрінеді. 1909 жылы (ол кезде Попов қайтыс болып кеткен) Маркони мен неміс инженері Карл Браун сымсыз телеграфты ойлап тапқандары үшін Нобель сыйлығын алған.

Қазіргі уақытта бірнше түрі пайда болып үлгерген бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде радионың алатын орны ерекше. Газет-журналдың өз қызметі, телевидение мен ғаламтордың өз қызметі бар, ал радионыкі тым басқаша. Мәселен, көшеде жаяу келе жатып немесе көлік рөлінде отырып, кеңседе жұмыс жасап-ақ, алаңдарда, демалыс орындарында, үйде, спорт залдарында радионың көмегімен жаһан жаңалықтарынан хабардар боласыз, әуен, жыр тыңдайсыз. Біздің елімізде осындай ең көп тыңдарманы, ең ұзақ тарихы бар радио – Қазақ радиосы саналады.

Қазақ радиосының тарихы осыдан 93  жыл бұрын басталған. Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдайды. Осы оқиғадан кейін алғашқы эфир – Қазақстанның кезіндегі астанасы Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан басталып, Қазақ радиосының үні бүкіл республика аумағына тарала бастады. 

Орынбордан кейін Қазақ КСР-інің астанасы болған Қызылорда қаласында 1926 жылдың 3-ші қазанынан бастап, Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды.

Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. Алайда, оның хабарлары маусымның бас кезінде ғана тұрақты түрде таралып, көлемі тәулігіне алғашқыда 4 сағат, кейінірек 6 сағаттан 12 сағатқа дейін жеткізілді.

Қазақ радиосы халықпен бірге соғысты да, ашаршылықты да көрді, Қайта құру жылдарында, Кеңес үкіметі тарағанда да бірге болды, Желтоқсанның қырғынына қарсы тұрды, тәуелсіздік таңын да қарсы алды. Ол ақ­па­рат құ­­ралы ғана емес, өнер мен мә­де­ниет­тің, жыр­­дың, қазақтың зиялы аза­мат­та­ры­ның үлкен шаңырағы болды. Мұнда Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұ­қанов, Әбділда Тә­жі­баев, Тахауи Ахтанов сияқ­ты талантты ақын-жазушыларымыз әде­биет ре­дакция­сы­ның бірден-бір тірегі, қол­даушысы, жал­пы­халыққа қазақтың үнін тара­тушы бола білгенін атап өту керек. Латиф Ха­миди, Евгений Бру­си­ловский, Ахмет Жұ­банов сын­ды өнердің озық ойлы теоретиктері де радиода қызмет етті. Онан басқа Мина Сейітқызы, Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев, Мұқағали Мақатаев, Өмірбек Байділдаев, Омархан Қалмырзаев, Мәмбет Сержанов, Зияда Бекетова, Аманжан Еңсебаев, Бүркіт Бекмағанбетов, Жанель Асқарова, Сауық Жақанова, Тоқсын Құлыбековтар да радиода өз ізін қалдырған. 

 Қазақтың Левитаны бол­ған Әнуар­бек Байжанбаевтың даусы­ның өзі неге тұ­ра­ды?! Радионың өркендеуі болған осы жылдарда Мансұр Сағатов му­зы­ка редакциясын бас­­қар­ды, Ілия Жақанов өнер туралы көп хабар жа­са­ды. Таңат Дос­баев режиссерлер тобын бас­қар­ды. Қазақ­тың тілін бұзбай, ше­бер аударма жасай білген Светлана Мусина сияқты ма­ман­да­рдың де еңбегі елеулі. Қазақ әндерінің інжу-мар­жан­дарын орын­дап, күй­табаққа жазған Лаки Кесоглу, Зей­неп Қой­шы­бае­ва, Люция Тө­ле­шева, Венера Қар­мы­сова, Суат Әбу­сейі­тов­тер сынды со­лис­терді де атамауға болмайды. Аталған тарландардың барлығы да қазақ жеріндегі радионың дамуына, насихатталуына үлес қосқан адамдар, сондықтан бүгінгі мерекеде оларды еске алу парызымыз.

Бүгінде 90 жылдан астам уақыт  тарихы бар Қазақ радиосы, шын мәнінде, ұлттық радиоға айналды. Радиодан берілетін хабарлар елдің, ұлттың мүддесін, тіл, руханият, мәдениет, экономика, ауыл шаруашылығы мәселелерін кеңінен қозғап, қоғамға ой салатын дәрежеге жетті десек артық айтқандық емес. Соңғы жылдары Қазақ радиосы халықаралық Интернет жүйесiне шықты. Соның нәтижесiнде дүние жүзiне, соның iшiнде Қытай, Монғолия, Түркия елдерiне және Қырғызстан мен Өзбекстан Республикаларына радио хабарларын таратуға мүмкiндiк туып отыр.

Барлық радио тыңдармандар мен радио қызметкерлерін атаулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: kazradio.kz, mail.ru

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 13 ақпан 2014, 12:28
Пікірлер
+0
13 ақпан 2014, 15:52

Мерекелеріңіз құтты болсын!!! Қазақ радиосы десе Әсел, Әсел десе Қазақ радиосы еске түсетіні ақиқат! Басты суретті өте жақсы таңдапсыз!!! ))

+0
13 ақпан 2014, 16:35

Жасай берсін сүйікті радиомыз! Кішкентайымыздан қаншама ертегімен, ақын-жазушылардың шығармашылығымен, әуезді әндермен сусындатты.

+0
13 ақпан 2014, 17:01

Бір рет радиоға тікелей эфирде сөйлегем деп мақтанып қояйыншы :)

+0
13 ақпан 2014, 17:31

Құтты болсын! Жол серігіміз қазақ радиосы!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.