Әлем Жаңа жылды қалай қарсы алды?

Әлем Жаңа жылды қалай қарсы алды?

Жаңа жыл ғаламшарымызды қалай басып өтті екен? Ең бірінші еске түсетіні – әртүрлі отшашу. Олар тіпті, мерекемен егіз ұғымға айналып кеткендей....

Рио-де-Жанейро қаласындағы Копакабана жағажайындағы отшашу астындағы ғашықтар...

Копакабана айналасындағы жарқын пиротехникалық шоу 16  минутқа созылған. Салютті арнайы компьютерлік бағдарлама басқарған, жалпы есеппен, 24 тонна пиротехниканың жұмсалғандығы анықталды.

Үнді оқушылары Агартала қаласында от жағу үстінде...

Дәстүр бойынша Үндістанда Жаңа жыл мерекесіне орай банан пальмалары құлпыра түседі. Тұрғындар оларға кішкентай ғана майлы шырақтарды іледі. Мереке қарсаңында қала қызыл отқа оранады.

Нью-Йорк қаласындағы Таймс-сквер алаңындағы конфетти (бал маскарад болғанда адамдардың біріне бірі шашатын түрлі-түсті қоқым қағаздар). Тура сағат он екіде басталған конфетти қары мен отшашу жиналған қауымды үлкен қуанышқа бөледі.

 

Шотландияның Форт өзенінде жүзген "морждары" мерекені тым ерекше қарсы алады. Олар Жаңа жылды Хогманай деп атайды және таңға дейін тойлайды. Морж кейпінде қарсы алу – ұзақ уақытта бері келе жатқан дәстүр.

Лондондағы Темза өзенінің айналасына жиналған мыңдаған адамдар үшін таңғажайып отшашу дайындалған екен.

Дәстүр бойынша, Биг-Бенде мереке қарсы алатын халық он екіге дейінгі сағаттың әрбір соғысын отшашумен есептеді. Ал 2014 жыл аяқ басысымен Ұлыбритания астанасының аспаны мыңдаған отпен көмкерілді. Онан кейін көктен дәмдері әртүрлі және жеуге жарамды конфетти жауды.

Мереке кезінде Біріккен Араб Әмірлігіндегі Дурбан қаласында халықтың көпшілігі жағажайға жиналып, уақыттарын шомылумен өткізеді. Жаңа жылда ең көп қызмет ететіндер – медицина және полиция қызметкерлері. Мәселен, биыл жағажайға 40 мың қонақ келсе, топтың ішінде 365 бала жоғалып, екеуі әлі күнге дейін табылмаған.

Испанияның астанасы Мадрид қаласында халық Жаңа жыл түні Күн қақпасы алаңына жиналады. Мұнда қаланың ең басты шыршасы орнатылған. Жиналғандар сағаттың әрбір соғысы сайын бір тал жүзім жеп, іштерінен тілек айтты.

Грекиядағы дағдарыстың әсерінен, халық мерекені жылдағыдай атап өте алмады. Тіпті, отшашудың өзі тым қарапайым болды. Грекияның астанасындағы халық ашық аспан астында орындалған классикалық музыканы тыңдап, бір-бірін құттықтаумен болды.

Биылғы жылы Парижде ешқандай отшашу ұйымдастырылмаған. Есесіне, Эйфель мұнарасы түрлі түске енді. Мұнараның алдына Бенгал оттарымен "2014" деп жазылған екен.

Дубайдағы жаңажылдық отшашу әлемдегі ең үлкен әрі ұзаққа созылған отшашу ретінде Гиннестің рекордтар кітабына еніп отыр. Ол 450 мың отшашудан тұрған әрі алты минутқа созылған екен. Отшашуға арнайы 400 нүкте белгіленіп, The World Islands және Palm Jumeirah жасанды аралы мен Дубай жағалауларын бойлай қойылған. Биыл, он мың турист 2014 жылды Дубай қаласында қарсы алып, осы бір таңғажайып отшашудың куәгері атанды.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net