Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / 8 қараша. Бүгін қандай күн?

8 қараша. Бүгін қандай күн?

8 қараша. Бүгін қандай күн?

Бүгін – әзіл мен күлкінің мерекесі. Бүгін – Халықаралық көңілділер мен тапқырлар клубы күні.

2001 жылы қараша айының сегізінші жұлдызында ТМД-ның бірнеше мемлекеті алғаш рет Халықаралық КВН күнін атап өтті. Он жылдан астам уақыт бойы дәл осы күні әзіл мен қалжың өз патшалығын құруды жалғастырып келеді. Мерекенің авторы – халықаралық КВН одағының президенті – Александр Масляков.

Сегізінші қарашаны КВН күні деп белгілеудің өзіндік себептері бар. Өйткені, 1961 жылдың сегізінші қарашасында көңілділер мен тапқырлардың алғашқы ойыны теледидардан көрсетілген болатын. Ресей КВН-інің 50 жылдық тарихы болса, Қазақстанда КВН ойындарының көрсетіліп келе жатқандығына 10 жылдан астам уақыт болды. Қазір Қазақстан бойынша қазақ тілінде 200-ге жуық студенттік, 500-ден астам оқушылар КВН құрамасы бар екен. 2005 жылы «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі құрылып, қазақша сатираға жаны құмар жастардың басы бірікті. Одақтың президенті – Есен Елеукен.

Бүгін әлемнің бірқатар елінде Халықаралық әке күні атап өтіледі. «Әке күні» алғаш рет Вашингтонда 1910 жылғы 19 маусымнан жаппай тойлана бастап, содан бері Америкадағы көптеген отбасылар өздерінің әкелерін құттықтайтын болған. Тек президент Линдон Джонсон маусымның үшінші жексенбісін ұлттық мейрам деп жариялағаннан кейін ғана, 1966 жылдан бастап «Әке күні» бүкілхалықтық мейрамға айналды. Әдетте, жыл сайынғы салтанаттар барысында мемлекет пен қарапайым азаматтар балаларын жалғызілікті тәрбиелеп отырған, табыстары төмен әкелерге қамқорлық жасауға асығады екен.

Бүгін – француз театр және кино актері, режисер, продюсер, сценарист Ален Делонның дүниеге келген күні. Ол 1935 жылы 8 қарашада Париждің оңтүстігіндегі О-де-Сен департаментінде дүниеге келген. Делонның балалық шағы Бур-ла-Рен шағын қалашығында өтеді. Онда оның ата-анасы Ален дүниеге келуден бірнеше жыл бұрын осы қалаға көшіп келген болатын. Кейіннен ата-анасы ажырасып кетіп, Нерон есімді әйелдің асырауына беріледі. Жұлдыздың толық аты – Ален Фабьен Морис Марсель Делон.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: bartholomews.ru 

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 08 қараша 2013, 10:47
Пікірлер
+0
08 қараша 2013, 10:11

Әкелеріміз аман болсын

+0
08 қараша 2013, 10:21

Әкелер-асқар тауымыз. Аман жүріңдерші, әкелік бақытты бастан кешулеріңізді тілеймін

+0
08 қараша 2013, 12:38

әкелер күні жасасын!

+0
08 қараша 2013, 13:31

Керемет күн екен! Жеткен бар, жетпеген бар... ) сондай-ақ Саят Медеуовтың туған күнi...

+0
08 қараша 2013, 14:55

Бүгін онда әбден көңіл көтеру керек болып тұр ғой)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.