Өзге елдер баласын қалай тәрбиелейді?

Өзге елдер баласын қалай тәрбиелейді?

Сізді басқа елдердің баларын қалай тәрбиелейтіндігі қызықтырады ма? Көрші елдердің дәстүрлері бір-бірінен сіз ойлағаннан да ерекше. Оларды қарастырып көрейік:

Еуропа, Дания


Бұл елдің балалары еркін әрі өз құқықтарын қорғай білетіндей тәрбиеленеді. Отбасындағы баланың кіші жасына қарамастан, оның пікірі ескеріледі. Мемлекет пен ата-аналардың бала тәрбиесіндегі басты қаруы – ойын. Сол себепті балабақшалар мен өзге де мекемелерде ойындардың түрлі нұсқалары қарастырылған.

Ирландия


Бұл ел балаларына ерекше қамқорлықпен қарайды. Балалары бір нәрсені бүлдіріп, сындырып қойған болса да, ұрыспастан қорқып қалмағандығын, жарақаттанбағандығын тексереді. Ирландиялық әйелдердің кеш босанатындығына қарамастан, әр отбасында 4 немесе 5 баладан бар. Бұл мемлекетте балаларды асырап алуға дайын отбасылар табылатындықтан арнайы балалар үйі жоқ.

Австрия


Баларды тәрбиелеу үшін жан-жақты жолдарды қарастырады. Әлемдегі ең қатал ата-аналар Австрия елінде десек те болады. Балаларына қанша қатал болса да, оларға ойыншықтарды көп қылып әпергенді ұнатады.

Бельгия


Балаларын жастайынан қоғамның мүшесі болуға үйретеді. Олар небары 2,5 жасында мектеп қабырғасында жүреді. Сыныптағы барлық пәнді бір ғана ұстаз жүргізеді. Ал ұстаздары бір-бірімен тату болып, әрдайым көмектесе білуге тәрбиелейді.

Нидерланд


Бұл елдің басты заңы «Балалар барынша еркін өсуі тиіс» деген атау алған. Балаларға денсаулығына зияны тимейтін дүниелердің барлығына рұқсат береді. Таңертеңнен кешке дейін бір нәрселерді жасасын, сындырсын, құлатсын оларға ешкім ұрыспайды. Сол секілді мектеп те балаларға барынша еркіндік сыйлауы тиіс. Мектепке бара жатқанда тек түскі астарын ғана апарады. Ал қалған қажет заттар сол жерден беріледі.

Америка


АҚШ-да бала тәрбиесімен аналар айналысады. Баларлар тәрбиесінде барынша салмақты әрі тең дәрежелі қарым-қатынаста болуға тырысады. Әдеттегі отбасыларда жаман қылық жасаған үшін екі түрлі тәсілмен жазалайды. Біріншісі – ойыншықтарын алып қойып, теледидар көруден шектеу, екіншісі – орындыққа отырып өзінің қате жасаған іс-әрекеті жайында ойлану. Отбасында баланы ұру қатаң түрде заңмен қудаланады.

Канада


Бұл елде де Нидерланд еліндегідей барлығын жасауға мүмкіндік береді. Олардың айтуынша, «жоқ» сөзі балалардың болашаққа деген нық қадамдарын тежейді. Тәртіп, талап деген ұғымдардың аса маңыздылығы жоқ. Үлкендер де кішкентайлар да тек бақытты болуға ұмтылады.

Куба


Бала тәрбиесімен аналар немесе әжелер айналысады. Олардың уақыттары болмаған жағдайда көмектесетін балабақшалар бар. Ал тәрбиешілерді шақырмауға тырысады. Қыз балаларды үй шаруасына икемді етіп тәрбиелесе, ұл балаларды мықты болуға үйретеді. Балалар ата-аналарымен сыр бөліскенді ұнатады.

Азия, Таиланд


Бұл ел «Өзіңнен асқан ұстаз жоқ» деген ұстанымды жақсы көреді. Ата-аналары балаларын қорғау үшін ешқандай әрекет жасамайды. Олар сүрініп, жылап жатса да үндемейді. Әрине ата-аналары ненің дұрыс-бұрыс екендігін айтып отырады, алайды соңғы шешімді кішкентайлар өздері қабылдайды.

Вьетнам


Бұл елдің балалары көшеде тәрбиеленеді деуге де болады. Соған қарамастан, балалары жақсы мен жаманды ажырата біледі.

Африка, Алжир


Алжирлік ата-аналар көп уақыт жұмыс істейтіндіктен, балаларын қарауға мемлекеттің өзі көмектеседі. Олар мектептегі мұғалімдер, тәрбиешілер және спорт мамандары.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: five.ru

Қ. Бүйенбай