Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / 24 қазан. Бүгін қандай күн?

24 қазан. Бүгін қандай күн?

24 қазан. Бүгін қандай күн?

"Қағаздарды орынды жұмсауды үйренейік!" Бүгінгі Халықаралық қағазсыздану күнінің (World Paper Free Day) басты ұраны дәл осындай екен. Жыл сайын қазан айының төртінші бейсенбісінде атап өтілетін күннің маңыздылығы өте жоғары.

Бұл күні экономика саласындағы беделді компаниялар қағаздың орынсыз жұмсалуының алдын алатын қолдау акцияларын өткізіп, жеке тәжірибелерімен бөліседі. Мақсаты – табиғат ресурстарын сақтап қалу. Статистикаға сенсек, бір тонна қағазды үнемдеу арқылы 17 ағашты, 26000 литр суды, 3 шаршы метр жерді, 240 литр жанармайды, 4000 квт электрэнергиясын "құтқарып" қалады екенбіз. Сондай-ақ, электронды құжат айналымы технологиясының іске асуы табиғатқа ғана емес, бизнеске септігін тигізеді. Уақыт үнемделеді, құжатты сақтау, тасымалдау жұмыстары жеңілдетіледі.

Мамандар соңғы 20 жылда қағаз шығынының 26%-ға өскендігін айтып дабыл қағып отыр. Әрине, қағаздан түбегейлі бас тарту мүмкін емес нәрсе, бірақ, біз қажетті шараларды қолданатын болсақ, бұл көрсеткішті азайта аламыз. Қағазбастылық тек экологияға ғана емес, адам жүйкесіне, денсаулығына әсер етеді, көптеген адамдар қағазбастылықтың себебінен өз еріктерімен жұмыстан кетіп жатады. Бүгінгі акцияға кез келген қарапайым адам қатыса алады. Қағазбастылықты азайтуға қатысты жобаларыңыз болса, дер кезінде жүзеге асып үлгеру қажет.

Бүгін – Біріккен Ұлттар Ұйымының күні (United Nations Day). 1947 жылдың 31 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 24 қазанды мереке ретінде жариялады, ал 1948 жылдың 6 желтоқсанында Халықаралық мереке дәрежесін алып, қызметкерлер осы күні заңды түрде демалатын болды. 

1945 жылы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым 1948 жылы ең алғашқы құжаты – адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады.

БҰҰ өз қызметінде мына 4 мақсатты көздейді:

– бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;

– ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;

– халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;

– осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу;

Бүгінде ұйымның құрамында 193 мемлекет бар. Ал АҚШ осы ұйым бюджетінің төрттен бірін қамтамасыз етеді. 

БҰҰ-ның басты мақсаты – бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын алу шараларына мұрындық болды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.

Қазақстанда 24 қазан – "Байқоңыр" ғарыш айлағында қаза тапқан сынақшыларды еске алу күні.

Бұл мынадай қайғылы оқиғаға байланысты: 1960 жылғы  қазанның 24-інде М.Янгель құрастырған Р-16 атты жаңа континентаралық баллистикалық зымыран сынақ барысында апатқа ұшырады. Электрлік сынақ жүргізу сәтінде жанармаймен жабдықталған зымыранның екінші сатыдағы қозғалтқышы жүйеге рұқсатсыз қосылып кеткен. Осының нәтижесінде өрттен және жанармайдан уланған 76 әскери қызметкер мен өнеркәсіп өкілдері опат болды. Олардың ішінде артиллерияның бас маршалы М.Неделин, полигон сынақ жетекшілері полковниктер А.Носов пен Е.Осташевтар бар. 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет:ctualcomment.ru,newsline25.ru,stranatur.ru,oko-planet.su

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 24 қазан 2013, 09:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.