9 қазан. Бүгін қандай күн?

9 қазан. Бүгін қандай күн?

Бүгін – Бүкіләлемдік пошта күні (World Post Day). Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде атап өтілетін маңызды күндердің бірі. 1874 жылы өткен Бүкіләлемдік пошта одағының он төртінші конгрессінде қабылданған. Ал 9 қазанға белгілеу туралы шешім 1969 жылы Токиода өткен пошташылардың Бүкіләлемдің одағының конгрессінде жарияланды.

Ал 1874 жылы Бьерн (Швейцария) қаласында әлемнің 22 елінің өкілі Бас пошта ұйымын құру туралы шартқа қол қойды. 1878 жылы одақ атауын өзгертіп Бүкіәлемдік пошталық одақ деп атала бастады.

Бүгінде осы одақтың құрамында 192 ел бар. Күллі әлемде 9 қазаннан бастап Халықаралық хат апталығы өтеді. Бүкіәлемдік пошталық одақтың деректеріне сүйенсек, халықаралық пошта 6800 тілде сөйлейді және осы ұйымның ең мықты, ең ауқымды жүйесі бар. Сондай-ақ, әлем бойынша бір күннің өзінде 3 000 000 адресат өз пошта жәшігінен өзіне жазылған хатты мейірлене алады екен. 

Бұл мерекені тек қана пошташылар ғана емес, курьер сынды кәсіптің өкілдері, жалпы хат жазуды, хат алуды сүйетін халық атап өтеді.

9 қазан – дүлей апаттарды азайту күні. Күн Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бастамасымен қазан айының екінші сәрсенбісінде атап өтіледі. Мақсаты – әлем халықтарын дүлей апаттардың алдын алуға шақыру, апат салдарынан болатын төтенше жағдайларға төтеп беруге дайындық жүргізу.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com