Студентке арналған үй жасалды

Студентке арналған үй жасалды

Шведтің Tengbom сәулетшілік фирмасы студентке арнап ықшам тұрғын үйін жасап шығарды. Аумағы - 10 кв.м.

Ұқыпты салынған әрі жарасымды тұрғызылған тұрғын үй швед студенттеріне жақсы таңдау екені, жалгерлік ақыға кететін шығын да (арендная плата) азаятыны айтылуда.

Көп қатпарлы ағаштан тұрғызылған студенттік үйде не керектінің бәрі бар - асхана, оқу үстелі және қолайлы жатын төсек. Жағымдысы сол, барлық дерлік үй ішінің заттары қажет сәтте құрастырылып, жинастырыла береді. Бос кеңістік аумағы созылады. Бір ғана мысал, студенттің оқу үстелінің дастархан жаяр сәттегі созылатындығы және терезе қақпағының орнын басары. 

Жастар жағы жатақхананың бұл түріне қатты қызығушылық танытуда. Айтулары бойынша, мұндай үй еркіндік беріп, жеке өмірлерін сақтап қалады екен. 

Жатақхана жақсы жабдықталғандықтан, суық өткізбейді әрі үйдің жоғарғы бөлігіне күн батареясы орналасқан. 

Ықшам үйлердің сатылымы келесі жылға жоспарланып отыр. Коттеджді қонақүй, кеңсе немесе жеке жатынжайға да айналдыруы мүмкін.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: tin.gola.vn 

Л. Лига