Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Бүгін – адамгершілік күні

Бүгін – адамгершілік күні

Бүгін – адамгершілік күні

"Гуманитарлық көмек көрсетумен айналысатын жұмысшыларды бақытсыз халге душар болғандарға өздерінің ниеттестіктерін білдіру үшін елші ретінде жібереміз. Олар адам табиғатында бар ең жақсы нәрселерді іске асырады. Бірақ олардың еңбегі өте қауіпті"

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2008 жылдың 11 желтоқсанында 19 тамызды Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні деп жариялады. БҰҰ осы күнді күнтізбеге ендіре отырып, бүкіл әлемде гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі іс-қимылар мен  қоғамдық ақпараттандыруды арттыру тапсырмасын берді. Тапсырма қатаң түрде қадағаланатын болады. Сондай-ақ, гуманитарлық көмек күні осы саладағы халықаралық қоғамдастықтың рөлін айқындауды және бүкіл гуманитарлық қызметшілерге, гуманитарлық мүдделерді өмірге енгізуге жәрдем жасаған Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметшілерін және олармен байланыстағы қызметшілерді, өз парыздарын атқару үстінде өмірлерін қиғандарға тиісінше оңды бағасын беруге көмектесуді көздейді...

Мамандардың пайымдауынша, соңғы он жылда гуманитарлық қоғамдастықтың қабілеті өте тез өскен және дағдарыс немесе адами факторлардың әсерінен болған апаттарға төтеп беру қабілеті жоғарылап келеді. Мұның бәрі гуманитарлық көмек саласын таңдаған мыңдаған адамдардың арқасында болған көрсеткіш. Олар әрдайым "Қажетсініп тұрған адамға ұлтына, дініне, жынысына, тіліне қарамастан көмек көрсету керек" дегенді насихаттап келеді.

Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күнінде көптеген ақпараттық және ағарту шаралары өткізіледі. Сонымен қатар өзгелердің өмірін сақтап қалу үшін өз жанын қиған адамдарға құрмет көрсетіліп, еске алынады. Солардың бірі – БҰҰ-ның Бағдаттағы штаб-пәтеріндегі  жарылыста ерлікпен  қайтыс болған БҰҰ-ның көрнекті қайраткері Сержиу Виейра ди Меллу. 22 адам қаза болған қайғылы оқиға 2003 жылдың 19 тамызында орын алған болатын. Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні де осы оқиғаның құрметіне 19 тамызға белгіленді.

Мейірімділік – рақметті күтпейтін, өз істерінің бағалануын, аталуын талап етпейтін сезім. Мейірімді істер мен сөздер өзінен-өзі сізді рахатқа бөлейді. Біреумен бөлісу, беру, сыйлау - шынымен ізгі істерден екенін естен шығармаңыз. Сол мейірімділік күндердің күнінде өзіңізге де керек болып қалады. Сол себепті мұқтаж жандарға, кедейлікке душар болғандарға, апатқа, ауруға, дағдарысқа ұшырағандарға қол ұшын созу – әрбіріміздің парызымыз.

Мейірімді болайықшы, бауырлар!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: dysha-v-dyshy.ru

7832 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 19 тамыз 2013, 11:36
Пікірлер
+0
19 тамыз 2013, 11:52

көбінің есінде де жоқ шығар бұл...

+0
19 тамыз 2013, 12:07

Ия, мұндай күннің бар екенін естуім алғаш

+0
19 тамыз 2013, 12:43

Сыйластығымыз арта берсін! Адамгершілік қасиетімізден айырылмайық!!!

+0
19 тамыз 2013, 13:41

Әй, кітапқұмарлықтың шегіне жеткен достарым, қайссың екенін білмеймін, Жарасқан Әбдіраштың мына екеуінен басқа тағы бір кітабы бар еді, соны қайтармай қойдыңдар. Өзіме шынымен керек бұл кітап, керек десең сатып-ақ әперемін, бірақ мына кітапты қайтаруыңды өтінемін. Қайссың болса да, бүгін енді АДАМГЕРШІЛІК КҮНІ ҒОЙ қайтарыңдар! :D

+0
19 тамыз 2013, 14:07

:P оңтайлы сәті келіпті ғой айтудың))

+0
19 тамыз 2013, 16:07

Адамгершілігі мол адам болуға не жетсін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев