- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- От шашу мерекесі...
От шашу мерекесі
Жыл сайын жаз маусымының орта тұсында Мексиканың Тульпек аталатын қаласында пиротехника жанкүйерлерінің қатысуымен тоғыз күндік "От шашу фестивалі" өтеді. Әртүрлі аттракциондар мен дәмді тағамдар, әуезді әуендер мен естен тандырарлық от шашулар арқылы көңіл көтеруге болатын думанды мерекеге әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған турист жиналады.
Сондай-ақ әлемдегі ең мықты өндіріс орындары да бұл мерекеден қалмай келеді.
Фестивальдің ең танымал конкурстарының бірі – «Castillos» деп аталады. Конкурс барысында қатысушыларды 15 күн бойы қағаздар мен ағаштардан тұрғызылған қамалдар қоршап тұрады. Пиротехникалық заттар тұтатыла бастағандағы қатысушылардың қал-жағдайын көз алдыңызға елестете беріңіз.
Мексикадағы Ұлттық От шашу фестивалінің жыл сайын танымалдылығы артып, қатысушылар саны өсіп келеді.
Назарларыңызға От шашу мерекесі ортасынан Нью-Йорк фотографы Thomas Prior түсірген суреттерді ұсынамыз:
Суреттер:vk.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева