Көкшетауда ақындар айтысы өтті

Көкшетауда ақындар айтысы өтті

Көкшетауда қазақ ақыны, композиторы Ақан серінің 170 жылдығына орай "Өнер - өміршең, серілік – мұра" атты аймақтық жас ақындар айтысы өтті.

Сайысқа Солтүстік аймақтың барлық облыстарынан келген ақындар жиылды. Қазылар алқасының құрамына Ақмола облысына танымал белді журналистер кірді.

Гран-При мен басты сыйлықты Павлодардан келген Нұрқанат Қайрат жеңіп алды. Бірінші және екінші орынды көкшетаулық ақындар Қуаныш Оспанов мен Құрмет Құралхан, үшінші орынды қостанайлық Балтазар Ізтілеуов алды. "Ең жас ақын" номинациясының сыйлықтары Ақмола облысының Бұланды ауданынан келген Жансая Қайымханға бұйырды.

ро

р

пр

"Ақан серінің шығармашылығы қазақ халқының теңдессіз мұрасы болып табылады. Бұл шара осы бабамыздың ұмытылмауына, сонымен қатар, дәстүрлі халық әндері мен салттарымыздың қайта жаңғыруына себепші болады", - деді қазылар алқасының мүшесі, Ақмола облысындағы "Арқа ажары" газетінің тілшісі Ұлмекен Шаменова.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©Әсел Тұрар

Massaget