Астанада метробустар іске қосылады

Астанада метробустар іске қосылады

Астаналықтарды жүрдек автобустар таситын болады. Жоба 2017 жылға дейін, яғни, EXPO -2017 жәрмеңкесі басталмай тұрып, іске аса бастайды. Бұл туралы қала әкімі хабарлады, деп жазады Bnews.kz.

Басшының айтуынша, жалпы қоғамдық көліктерді ұйымдастыру сферасында көп өзгерістер болады. "Халықаралық аэропорттан жәрмеңке өтетін аймаққа дейін жеңіл рельсті транспорт жүйесі іске қосылады. Темір жолдың ұзындығы шамамен 21 шақырым болады. Транспорт жолаушыларды қаланың ең маңызды аймақтарына дейін жеткізеді", - деді Тасмағамбетов.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: istan-blues.livejournal.com

Massaget