Жаңбыр жауып, 35 градус ыстық болады: 3 күнге арналған ауа райы

Жаңбыр жауып, 35 градус ыстық болады: 3 күнге арналған ауа райы
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

"Қазгидромет" мамандары Қазақстанда 14, 15 және 16 мамыр күндері ауа райы қандай болатынын айтты.

Болжам бойынша, алдағы демалыс күндері Қазақстандағы синоптикалық жағдай Солтүстік Атлантикалық циклонның жылы секторы мен оған байланысты атмосфералық фронттардың өтуі арқылы анықталады.

"Шығыста, батыста және таулы аудандарда – қатты сел болып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен қатар жел күшейеді.  Бірақ соған қарамастан, температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.

Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометрлер 17-25 градусқа дейін көтерілсе, республиканың оңтүстігінде 18-28-ден 23-35 градусқа дейін жылы болады.

Т. Раушанұлы