Аяз және 40 градус ыстық: Мамыр айында қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр

Аяз және  40 градус ыстық: Мамыр айында қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр
Фото: Yernar Almabek

Мамыр айында Қазақстанда атмосфералық процестер көктемгіден жазға біртіндеп ауысады, алайда ұзаққа созылған аптап ыстықтан кейін салқын ауа райы қайта оралып, аяз болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

"Сәуірмен салыстырғанда жауын-шашын мамыр айында Қазақстанның солтүстік жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда артады", деп хабарлайды синоптиктер.

Мамырдың бірінші күнінде республиканың басым бөлігінде 20-28 градусқа дейін, оңтүстігінде 33 градусқа дейін ыстық ауа райы сақталады. Ал республиканың солтүстік-батыс бөлігінде суық атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, кейде қатты, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасының төмендейді. Алдағы уақытта Қазақстанның қалған аумағында осындай ауа райы сақталады.

Айдың бірінші жартысында циклондар мен антициклондардың ауысуымен тұрақсыз ауа райы және ауа температурасының ауытқуы болжанады:

• батыста түнде 3-13 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3 градусқа дейін аяз, күндіз 10-20 градустан 18-25 градусқа дейін жылы;

• республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 5-15 градустан 0-7 градусқа дейін, кей уақытта 1-6 градусқа дейін аяз, күндіз 18-25 градустан 8-18 градусқа дейін жылы;

• Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 10-20 градустан 5-15 градусқа дейін жылы, күндіз 23-33 градустан 15-22 градусқа дейін жылы.

Айдың екінші жартысында Иран аймақтарынан келетін ауа массалары ауа температурасының біртіндеп көтерілуін әкеледі:

• республиканың солтүстік жартысында 25-35 градусқа дейін;

• оңтүстік жартысында термометрлер 30-35 градусқа жетеді, ал шеткі оңтүстік пен оңтүстік-батыста 40 градусқа дейін ыстық күтіледі.

Мамырдың екінші жартысының кей күндерінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағайлы жаңбыр жауады, күндіз 20-25 градусқа дейін ыстықтың аздап төмендеуі күтіледі. Оңтүстік облыстарда да қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

А. Оралқызы