Алдағы мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Алдағы мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

2022 жылдың мамыр айында Қазақстан халқы үш үлкен мерекені тойлайды.

Бұлар – Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр жексенбіге сәйкес келетіндіктен, тағы бір демалыс күні - 2 мамыр қосылады.

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр – сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 10 мамырға ауыстырылды. Ал 9 мамыр Жеңіс күнімен қатар қазақстандықтар бірден төрт күн – 7-10 мамыр аралығында демалады.

Осылайша, мамырдағы демалыс күндерінің жалпы саны бес күндік жұмыс аптасында 12 күнді, алты күндік жұмыс аптасында 8 күнді құрайды.

Т. Раушанұлы