Қазақстандықтар 2022 жылы қалай демалады?

Қазақстандықтар 2022 жылы қалай демалады?
Фото: fincult

2022 жылы қазақстандықтар 245 күн жұмыс істеп, 120 күн демалады. Назарыңызға Келер жылғы мереке мен демалыс күндерін ұсынамыз.

2022 жылдың ең ұзақ демалыс күндері:

Қаңтар  – Жаңа жылда 4 күн демаламыз (1- 4 қаңтар);

Наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде 3 күн (6-8) және Наурызда 5 күн демаламыз (19-23);

Мамыр –Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 4 күн демаламыз (7-10);

Желтоқсан – Тәуелсіздік күні 4 күн қатарынан демаламыз (16-19).

Православиелік Рождество мерекесі, 7 қаңтар, жұмаға сәйкес келеді, сондықтан демалыс үш күнге созылады (7-9). Ал Құрбан айт –  сенбі, 9 шілдеге сәйкес келіп тұр. Заң бойынша, діни мерекелер демалыс күндеріне түссе, жұмыс күніне ауыстырылмайды.

Айта кетейік, 2022 жылы қазақстандықтар сенбіде – 5 наурызда және 27 тамызда жұмыс істейді. Есесіне демалыс күндері ұзағырақ болады.

Т. Раушанұлы