Қазақстанда қанша БАҚ бар?

Қазақстанда қанша БАҚ бар?

ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев елімізде тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының статистикасын жариялады.

"Қазақстанда 1 қыркүйекке 4919 БАҚ тіркелгенін, бір жыл бұрын 4550 болғанын хабарлағым келеді. Бір жылда 369 жаңа БАҚ тіркелген. Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары санының өсуіне қарағанда, біз еліміздегі БАҚ-тың даму стратегиясы мен жолдары дұрыс қолданылып жатыр деп айтуға болады", - деді Кемелбек Ойшыбаев Astana Media Week -те.

Бұған дейін Қ.Ойшыбаев мемлекеттік БАҚ -тың дамуы туралы айтқан болатын.

"Егер практикалық шаралар туралы айтатын болсақ, мен интернетте - әлеуметтік желілерде, видеохостингтер мен мессенджерлерде мемлекеттік БАҚ жұмысының белсенді түрде өсіп келе жатқанын атап өткім келеді. «Қазақстан» және «Хабар» мемлекеттік телерадиокорпорациялары жобаларды интернет аудиториясына бейімдеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бірегей веб-мазмұнды, подкасттар мен сұхбаттарды шығарады. Нәтиже бар", - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, вице-министр БАҚ жұмысы тұрғысынан заңнаманы өзгерту жоспарымен бөлісті.

"Жаңа технологиялардың дамуына байланысты біз бұқаралық ақпарат құралдарының заңнамалық дамуы бойынша да жұмыс істейміз. Атап айтқанда, 2023 жылы қабылдануы мүмкін журналистік қауымдастықпен талқылайтын заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді Қ.Ойшыбаев.

Т. Раушанұлы