- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Мемлекеттік рәміздер туралы...
Мемлекеттік рәміздер туралы қызықты деректер
Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
"Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!", — деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін! pic.twitter.com/W5cmmABlK4
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 4, 2021
Бүгін Қазақстан мемлекеттік рәміздердің 29 жылдығын атап өтуде.
Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында назарларыңызға Мемлекеттік рәміздер туралы қызықты деректерді ұсынамыз:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні бірінші рет 2006 жылы қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
2. Елтаңба көрінісі Қазақстан азаматының кез келген құжатында болады. Туу туралы куәліктен бастап зейнетақы кітапшасына дейін Елтаңбаның белгісі қолданылады.
3. Ту үнемі оң жаққа қарай желбіреуі керек
4. 1992 жылы қабылданған Әнұран 750 жоба ішінен таңдалып алынған.
5. Мемлекеттік мекеме маңдайшаларында Ту міндетті түрде болуы керек.
6. Қазіргі Әнұранымыз заңды түрде 2006 жылы 7 қаңтарда қабылданды. Жаңа Әнұран бірінші рет сол жылы 11 қаңтарда Тұңғыш Президент Н.Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
7. Қазақстандағы ең үлкен ту елордадағы «Атамекен» этномемориалдық кешеніндегі Мемлекеттік рәміздер алаңында орналасқан. Биіктігі – 111 метр. Кешен 2009 жылы салынған.
8. 1994 жылы 1 шілдеде Талғат Мұсабаев тұңғыш рет қазақтың Туын ғарышқа апарды.
9. Монблан шыңында (4 810 м), Памир тауының Ленин шыңында (7 134 м) және Эверест шыңында (8 800 м) еліміздің Туы желбіреп, Әнұранымыз шырқалды.
10. 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары кезінде Қазақстанның Туы Жерді 150 рет айналып ұшты.
Т. Раушанұлы