Қазақстанның 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

12 сәуірде Қазақстанның 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

12 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Шымкент қаласында 12 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

12 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

12 сәуірде Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

12-13 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қаласында 12 сәуірде солтүстік-шығыстан 15 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Т. Раушанұлы