Каспий теңізі Аралдың күйін кешуі мүмкін

Каспий теңізі Аралдың күйін кешуі мүмкін

XX ғасырдағы ең ірі экологиялық апаттың бірі – Арал теңізінің толықтай дерлік жойылып кетуі. Әлемдегі ең үлкен көлдің бірі болған Арал бұл күнде шөлді аймаққа айналған. Каспий теңізіне де осындай қауіп төнуі мүмкін. Ғалымдар климаттың өзгеруінен 90 жылдан кейін Каспий теңізінің үштен бір бөлігі тартылады деп болжайды. 

XXI ғасырдың соңына дейін адамзат тағы бір "жауһарынан" айырылуы мүмкін. Германия және Голландия ғалымдары осындай тұжырым жасаған. Ғылыми жұмыстың нәтижесі Communications Earth and Environment журналында жарияланды.

Иран, Түрікменстан, Ресей, Әзірбайжан және Қазақстанның шекарасын бөліп жатқан Каспийдің суы 1970 жылдан бері дамылсыз азайып жатыр. Алайда кейінгі жылдары судың кебуі жылына 7 сантимер жылдамдыққа дейін жеткен. Алдағы он жылда бұл көрсеткіш одан сайын арта түсуі мүмкін.

"Зерттеу нәтижесіне сәйкес Париж келісімі толық орындалса, Каспий теңізінің деңгейі 9 метрге дейін төмендейді. Ал егер олай болмаған жағдайда ғасыр соңында Каспий суының 34% тартылып, теңіз деңгейі 18 метрге түседі". Ғылыми жұмыста осылай жазылған.

Каспий суының деңгейі үш факторға тәуелді. Біріншіден, Каспий теңізін 90% Еділ өзені қамтамасыз етеді. Екіншіден, қыста түсетін жауын-шашын әсер етсе, үшінші фактор жаһандық жылыну әсерінен судың булануы арта түскен. 

Зерттеушілердің болжамына сәйкес, алдағы уақытта қыста түсетін жауын-шашынның мөлшері өсіп, Еділдің суы көтеріледі. Алайда осыған қарамастан жаһандық жылынудың әсерінен Каспий теңізінің деңгейі төмендей бермек. Егер мұның алдын алмаса, Баку портынан айырылып, Қара–Бұғаз көлі толық кеуіп кетеді. Ал Каспий теңізінің солтүстік жағажайы бірнеше шақырым артқа кетеді.

Суретте Каспий теңізінің деңгейі төмендеуінен көбірек зардап шегетін аймақтар қызылмен белгіленген

Ғылыми жұмыста Арал мен Каспий "тағдырлас" екені айтылады. Өйткені Арал 2003 жылға дейін суы 90% тартылып, жағалауы 100 шақырымға кері кеткен. Ал қалдық судағы тұздың мөлшері екі жарым есе өскен. Қазірде Арал теңізінің орнында Аралқұм құмды-сортаң шөлі қалды. 

Дегенмен Каспий теңізі дәл мұндай "қатерге" ұшырай қоймайды. 2100 жылға дейін теңіз суының 34% кеуіп кетуі мүмкін. Бірақ та үштен бір бөлігі құрғаған Каспий өлі теңізге айналады. Өйткені ауа құрамындағы оттегі мөлшерінің азаюынан теңіздегі тіршілік иелері жойылады.

"Бастапқыда жағалаудағы қалалар теңіздің тартылып жатқанын аса байқамайды, алайда уақыт өте ауа құрамындағы оттегі мөлшерінің азайғанын сезеді", – дейді Нидерланды Утрехт университетінің геологы, ғылыми зерттеу жұмысының авторы Фрэнк Весселинг.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар