Дәрігерлердің құрметіне тұрғын үй кешенінің қасбетінде сурет салынды

Дәрігерлердің құрметіне тұрғын үй кешенінің қасбетінде сурет салынды

Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің бейнесі тұрғын үй кешенінің қасбетінде пайда болады.

Елорданың шығармашылық қауымдастығы суретті медициналық қызметкерлерге арнап салып жатыр.

– Шығармашылық адамдары онлайн-концерттер өткізіп, еріктілерге көмектесіп жатыр. Адамдар бір-біріне қолдау көрсету мақсатымен бірігуде. Суретшілер атынан осы шығармашылық жоба арқылы коронавируспен күресіп жатқан медицина саласының қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп, "Біз біргеміз" жалпыұлттық акциясына қосыламыз.

Мурал салудағы басты мақсат ‒ дәрігерлерге алғыс білдіру! Сіздерге алғысымыз шексіз. Бұл індетпен күресіп жатқан әр қызметкерді батыр деп санаймыз. Қала әкімдігіне білдірген қолдауы үшін алғыс айтамыз. Үлкен шығармашылық топ жұмыс істеп жатыр. Біз біргеміз!, – деп келтіреді Кристина Бекмурзаеваның сөзін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елорда әкімдігі шығармашылық қауымдастықтың бастамасын қолдап, қажетті техниканы ұйымдастыруға көмек көрсетт

 
А. Рысдәулет