Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / 1 шілдеден бастап не өзгереді?

1 шілдеден бастап не өзгереді?

1 шілдеден бастап не өзгереді?

Көзді ашып-жұмғанша 2019 жылдың бірінші жарты жылдығы өте шықты. Ал жылдың екінші бөлігінде Қазақстан халқын не күтіп тұр? Қандай заңдар қабылданды? Massaget сайты өзгерістер туралы айтып береді.

Кедейлік шегі өседі

Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша шілде айынан бастап кедейлік шегі ең төменгі күн көріс деңгейінің 70 процентіне (бұған дейін 50% болатын) дейін көтеріліп, 20 800 теңгені құрады.

Шетелдік компаниялар Ұлттық банктің бақылауында болады

"Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заңға сәйкес шетелдік қаржылық емес ұйымдар Қазақстанның Ұлттық банкіне валюта операциялары туралы хабарлап отыруы тиіс. 

Жүргізуші куәлігін "Азаматтарға арналған үкімет" береді

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан ішкі істер министрлігіне қарасты тіркеу-емтихан бөлімі жұмысын тоқтатады. Бұл бөлімнің қызметін "Азаматтарға арналған үкімет" атқаратын болады.

Камқоршылардың жәрдемақы мөлшері көбейеді

Ерекше қажеттілігі бар балалар мен бала кезден бірінші топтағы жарымжан балаларға күтім жасайтындардың жәрдемақы мөлшері көбейеді. Нақтылап айтқанда, жәрдемақы 29 698 теңгеден 41 578 теңгеге дейін өеседі. 

Кәсіпорындар ақпаратты онлайн-тарататын кассалық бақылау машиналарға көшеді

Шілде айынан бастап 86 қызмет түрі кассалық бақылау машиналарын қолданысқа енгізеді. Бұған дейін жалпы алғанда 547 кәсіп түрі КБМ қолданудлы бастаған еді.

Валюта айырбастау қызметінің жұмысы өзгереді

Валюта айырбастау пунктері валюта нарығындағы алыпсатарлыққа жол бермеуге бағытталған жаңа құжат бойынша жұмыс істейтін болады.

"Азаматтарға арналған үкіметкоммерциялық заңды тұлғаларды тіркейтін болады

Жаңа қабылданған заңға сәйкес, заңды тұлғалар және коммерциялық ұйымдардың өкілдері мен филиалдарын тіркеу әділет министрлігінен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына беріледі.

Темекі құны қымбаттайды

Үкімет қабылдаған қаулы бойынша бір темекі қорабы 20 теңгеге қымбаттайды.

Аттракциондардың қауіпсіздігі бойынша жаңа 

1 шілдеден бастап аттракциондардың жалпы техникалық талаптары бойынша жаңа стандарт күшіне енеді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 01 шілде 2019, 13:02

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.