Қазақстандағы ең қауіпті жерлерді білесіз бе?

Қазақстандағы ең қауіпті жерлерді білесіз бе?
Фото: qamshy.kz

Қазақтың кең байтақ даласы көптеген шетелдіктерді тамсандырғаны белгілі. Десе де, ұлы даланың ашылмаған құпиялары қаншама?! Сіз бен біз естімеген аяқ басып көрмеген жерлер де жетерлік. Кең  байтақ жазира даламыздың да өзіндік тылсым сырлары бар. Біз сіздерге Қазақстанның ең қауіпті жерлері мен құпияға толы мекендері туралы айтатын боламыз.

Өлген көл

Талдықорған облысы Герасимовка ауылында 100 метрлік ені 60 метрді құрайтын атын естіген дене түршігерліктей қорқынышты өлі көл бар.  Деректерге сүйенер болсақ, мұнда суға кеткен адам көлдің бетіне қалқып шықпай, көлдің түбінде тікесінен тұрып қалады екен. Жергілікті тұрғындар бұл жерде бірнеше км-ден айналып өтеді. Қыс мезгілінде су қатпайды, жазда су жылымайды. Су қысы жазы суық болып тұрады. Сондай-ақ, көлдің ішінде ештеңе өспейді. Балықтар тіршілік етпейді. Тіпт,і су асты жәндіктері де өмір сүрмейді. Ал жағадан шыбын маса секілді жәндік түрлерін кездестіре алмайсыз.

Әнші құм төбесі

Әнші құм төбесі Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі-150 м, ұзындығы 8 км болса, ені 3 км. Әнші құм төбесі Қазақстандағы ең местикалық жер. Бұл құмды әнші құм деп атаудың себебі -құмда реактивті ұшақтың дауысы қатты шығады. Бұл дауыс бірнеше қашықтықта уақыт өткен сайын оның дауысы күшейе береді. Сол себепті, дауыстың әсерінен жер де сілкіне бастайды. Бүгін де бұл жер толық зерттелмеген. Құмның қалай қайдан пайда болғандығы туралы да ешқандай мәлімет жоқ. Құмға жақын ауыл тұрғындарының айтуынша, құмның астында Шыңғыс ханның табылмаған зираты жатыр дейді. Әрине, бұл жай ғана болжам немесе аңыз деп есептеуге болады. Әнші құм төбесі туралы естіген туристер бұл құмды көру үшін арнайы келеді.

Көк көл

Жамбыл облысында орналасқан көк көлді сиқырлы су арнасы дейді. Бұл көлдің ішіне ешқандай өзеннің ағысы кірмейді. Дегенмен, көл таза әрі  тұнық. Ежелгі Түркі аңыздарында сүйенер болсақ, көк көлдің түбі жоқ. Зертеушілер бұл көлдің түбін тексере алмаған. Аңыздарда көк көлде су айдаһары орналасып, өлкетанушы Печерский бұл көлде белгісіз местикалық жануар бар екендігін зерттеп растаған. Ол мұндай жануарды көлдің бетіне шыққанда көрген. Бақташылар мал бағып жүрген кезде ешқашан көрмеген үлкен жануар суда жүзіп төбеде ұшып жүрген құстарды су түбіне алып кеткендігін көргендігін айтқан. Кей кездерде су ішінде бір алып сиқырлы жануар жүзіп келе жатқандай көл беті дір қағып шымырлап, арнасынан жұмбақты гуіл дыбысы шығады екен. Дәл осы кезде жергілікті тұрғындар көлдің суын алуға асығады. Олардың сенуінше осы мезетте судың шипалық қасиеті пайда болады екен.

Барсакелмес аралы

«Барсакелмес» деген атаудың өзі естіген жанды біраз үрейлендіріп қояды. Ол Арал теңізінің солтүстік батыс жағалауында орналасқан. Барскелмес атауының шығуына аралда көп кездесетін улы жыландар мен қарақұрт, сарышаян сияқты қауіпті жәндіктердің көп болуы себеп болған деген болжам бар. Ал ең таңқаларлығы, Барсакелмес аралында уақыт өз қалауымен өтеді.1930-шы жылдарда аралға жіберілген топографиялық экспедиция үш айдай із-түзсіз жоғалып кетеді. Мамандарды іздеуге арнайы адамдар жіберілгенмен, еш нәтиже болмайды. Содан бір күні жоғалған экспедиция аман-сау өздері келеді. Олардың айтуынша, топографтар аралдың терістік жағындағы  адамдар онша бара бермейтін аумақты картаға түсірмек болады. Палаткаларын алып шыққан олар үш күн бойы сол аумақты картаға түсіреді. Ал бұл кезде басқа аумақта үш ай өткен.

Үстірт Шоқысы

Каспий мен Арал теңіздерінің солтүстік бөлігінде құмды ауданда ежелгі дәуір адамдары мәдениетінің ізі қалған. Үстіртте екі көліктегі отряд аспанның батыс бөлігінен біртүрлі объектіні байқаған. Белгісіз объект батыстан шығысқа қарай жылжыған. Алдымен, ұзындығы көкжиектің үштен бір бөлігіне тең үлкен қауыз болса, кейін қауыздың ішінде парашютке ұқсайтын дене пайда болады. Парашют ай секілді жап-жарық болып тұрған. Объект көкжиекке кірместен көзден ғайып болған. Мұны көргендер қатты шошынып, 20 минут бойы қозғалмастан бақылаған .Үстірт шоқысы қызықты палеонтологиялық нысандарымен белгілі. Атап айтсақ, акулалардың тістері, моллюскілердің қабыршақтары, ондаған миллион жылдар бұрын Тетис мұхитында тіршілік еткен теңіз кірпілерінің сауыттары, балықтар мен киттердің сүйектері және т.б. Түпқараған түбегіндегі Жығылған шатқалында гиппарион фаунасының өкілдері - жануарлардың тасқа айналған бірегей іздері табылған. Бұл жерде орта ғасырда керемет мавзолей-мазарлар болған.

 

дереккөз: zhasatyrau.kz

Т. Есқали