Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?
Фото: Egov, Playbuzz

Сәуірде қазақтандықтар 9 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді. Мамырда 20 жұмыс күні және 11 күн демалыс болады. 

ЕGov порталында жарияланған мерекелік күнтізбеге сәйкес, 20 сәуір демалыс күні болып саналады. Бұл күнге 28 сәуірдегі сенбі күнгі демалыс жұмыс күні болып ауыстырылады. Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады. 1 мамыр − Қазақстан халқының бірлігі күні. Осылайша қазақстандықтар 29 сәуірден 1 мамырға дейін демалады. 

Сонымен қатар 5 мамыр сенбі күні жұмыс күні болып, сейсенбі 8-не ауыстырылады. 7 мамырда Отан қорғаушылар күні, ал 9 мамыр - Жеңіс күні. Осылайша қазақстандықтар төрт күн (6-9 мамыр аралығы) демалдады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер – мына күндері атап өтіледі:      

1-2 қаңтар - Жаңа жыл;      

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;      

21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;      

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;      

7 мамыр - Отан қорғаушы күні;      

9 мамыр - Жеңіс күні;      

6 шілде - Астана күні;      

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.      

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

tengrinews.kz

Н. Үсенова