Visit Almaty – туристер үшін таптырмас орталық

Visit Almaty – туристер үшін таптырмас орталық
Фото: massaget.kz

Visit Almaty – Алматы және Алматы облысындағы аймақтарға сапарлауға, жалпы ақпарат беруге арналған туристік орталық. Дегенмен орталық жалпы Қазақстан бойынша қызмет көрсетуге де дайын екенін атап өтті. 

Желтоқсан айының 7 күні Алматы қаласында Visit Almaty турситік орталығының медиа саласындағы тұлғалармен кездесуі өтті. Оның ішінде түрлі сайт редакторлары, белгілі тұлғалар, блогерлер мен журналситер болды. 

Осы уақытқа дейін өзінің ресми ашылуын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзаның қатысуымен жасап үлгерген Visit Almaty туристік орталығының ерекшелігі бірнеше бағытта жұмыс жасайды. Мәселен маркетинг, жарнама, мерекелік шара ұйымдастыратын түрлі бөлімдерден тұрады. Орталықтың сайты арқылы түрлі ақпараттар алуға да көп мүмкіндік жасалған. 

Айта кету керек, орталықтың іші қазақтың ұлттық дәстүріне сай ою-өрнектермен безендірілген және келушілерді күтіп алушы қызметкерлердің де біліктіліктері ерекше. Кез келген тұтынушы мен турист үшін толыққанды ақпарат беріледі. Келушіге тегін жолсілтеме карталары мен ақпарат алуға мүмкіндік беретін материалдарды береді. 

Visit Almaty туристік орталығының тағы бір ерекшелігі – қонақжайлылығы. Қазақтың салтына сай ғұрыпты ұстана отырып, келушілерге барлық жағдай жасайды. Күліп қарсы алу, олармен тығыз қарым-қатынаста болу олардың басты міндеті. 

Visit Almaty туристік орталығының директоры – Лұқпанова Камила Асқарқызының айтуынша, бұл орталық Қазақстан аумағындағы тұңғыш және бірегей қызмет көрсету орны. 

Кешке келуші блогерлер мен журналистерге өзінің ыстық лебізін білдірген басшылық өз кезегінде орталыққа келіп тегін мастер-класстар ұйымдастыруға болатынын, тікелей тығыз қарым-қатынас орнатуға болатындықтарын жеткізді. 

Кеш барысында фуршет үлгісіндегі үстел жайылып, келуші журналистер мен блогерлер арасында өзара байланыс орнап, таныстық басталды. Ең қызығы Visit Almaty туристік орталығы келген қонақтар үшін арнайы автобус арқылы қаланы аралауға арналған экскурссия дайындаған. Түнгі Алматыны серуендеп қайтқан қонақтардың көңілі-күйі тамаша. 

Еліміздегі туристік нысандарды дамыту үшін аталған орталықтардың көп болуы және сапалы жұмыс жасауы маңызды. Visit Almaty туристік орталығы осы бір жауапкершілікті мойындарына ала отырып, қазіргі таңда Алматы қаласы, Бөгенбай көшесі 81/36 үйінде жұмыстарын бастап кетті. Орталыққа келіп еліміз жайлы, Алматы қаласы мен Алматы облысы жайында түрлі сұрақтарға жауап ала аласыздар. Мәселен «қайда бару керек?», «қайдан тамақтануға болады?» «ең көрікті жерлерге қалай баруға болады?», «қандай жәдігерлер мен ескерткіштер бар?» дейтін сұрақтарға осы орталық қызметкерлері жауап беруге қашанда дайын. 

Visit Almaty туристерді шақырады! 

М. Ақан