Қазақстан туристерді несімен таң қалдырады?

Қазақстан туристерді несімен таң қалдырады?
Фото: turan-edu.kz

Қазақстан – орта Азияның кіндігінде орналасқан, жері құнарлы, суы тұнық, тау сілемдері мен жоталар тізбегін құрайтын, табиғатқа тән барлық ерекшеліктерге тән, жері бай, мәдениеті көшпелі халықтардың дәстүріне сай мемлекет. 

Еліміздің ең бір ерекшелігі – төрт мезгілді де бастан кешу және әр мезгілдің өзіне сай қалыпты температуралардың сақталуы. Шет елден келетін туристер біздің елімізге қай мезгілде келсе де өздеріне керек уақтықай сай демалып кете алады. Әрине қыс кезінде мәңгі жасыл тартып тұратын Дубай бола алмас, дегенмен әр елдің өзіне тән ерекшелігі болады. Біз туристер үшін кімбіз? 

Қазақстан туризм саласын тек табиғатымен ғана емес, мәдениетімен де жасай алады. Бұған мүмкіндік көп. Себебі біздің дала заңына сай дәстүр, салт пен сана, түсініктер отырықшы елдер үшін таңсық. Ал таңсық дүниесін көру үшін туристер ештеңеден бас тартпайды. 

Қонақжай халық 

Туристер қазақ елін қонақжай халық ретінде таниды. Себебі қазақ мәдениетінде күтіп алу және шығарып салу дәстүрі де бар. Ең соңы астындағы жалғыз атын беретін халық үшін бұл үлкен қасиет. Елімізге келіп-кеткен туристер үшін бұл үлкен құрмет.

Көшпелі мәдениеті бар 

Тарихи жәдігерлер мен ұлттық нақыштағы оюлы көз тартар қолөнеріміз, әдеп-ибамыз өзге елдер үшін өзгеше бір ерекшелікпен көрінеді. Көшпелі халықтың мәдениетін бойына сіңірген қазақ халықының бұл мәдениетіне туристер кешегі тарихты еске алу, үңілу үшін келеді. 

Ұлттық аспап 

Әр елдің өзіне тән ұлттық аспаптары бар. Мәселен қазақ елінің ұлттық аспабы ретінде домбыра саналады. Қос ішектің атағын әлемге танытқан «Ұлытау» тобының арқасында туристер елімізге ағыла бастады. Соның ішінде Еуропа елдері көптеп ағылуда. 

Тылсым мекендер 

Елімізге келетін туристерді таң қалдыратын тағы бір ерекшелік – тылсым мекендер. Аты аңызға айналған, көзге көрінетін, құлақ естісе бір көруге шақыратын аймақтар жатады. Мәселен Түркістан қаласының өзі осыған куә. 

Сұлу ғана емес, емдік қасиеті бар табиғаты 

Қазақ даласында жатқан көздің жауын алатын мекендердің құпиясы бар. Олардың емдік қасиеті бар өсімдіктермен, топырақтармен көмкеріліп жатқаны. Көлдер мен өзендерінің адам денсаулығына пайдасы бар. 

Ұлттық тағам 

Шет елдік туристерде ет жейтін және ет жемейтін адамдар деген түсінік бар. Бірақ қазақ халқына бұл жат ұғым. «Бесбармақ» деп атап кеткен қате түсінікті «Ет» деп турасынан алсақ, қазақтың ұлттық тағым етке деген туристердің де көзқарасы ерекше. 

М. Ақан