- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстандағы туризм саласы...
Қазақстандағы туризм саласы дамыған қалалар
Туризм – әлемде дамуы жағынан дес бермей келе жатқан ауқымы кең сала. Әлемде туризм саласымен ғана дамып, байып елдің ішкі және сыртқы экономикасын қалыптастырып отырған мемлекеттер бар. Атап айтқанда, Еуропа елдері, Оңстүстік Америка, Шығыс Азия және теңіз, мұхиттармен шектесіп жатқан аралтектес мемлекеттер.
Қазақстандағы туризм әлі дамып жатқан, енді қарқын алып келе жатқан сала. Себебі тәуелсіздік алғанымыз кеше. Соған қарамастан жиырма бес жылдан аса уақыт ішінде бүгінгі күнге жету үлкен жетістік. Бұған септігін тигізіп отырған туризм саласы десек, артық айтқанымыз емес.
Еліміздегі туризм саласын қалыптастыруға және дамытуға географиялық картасы да, орналасу аумағы да, табиғаты да сай келеді. Арысы мұнаймен, құмды даламен шектесетін, берісі Арқа, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларымен шектесетін елдің орталығы да, солтүстігі де ең керемет байлыққа байып жатыр. Ол, әрине, орманды алқаптар.
Қазақстанға туристердің келу үрдісі жалғасып жатыр. Елімізге келетін туристердің, жиһанкездердің айтуынша Алматы, Астана, Көкшетау, Ақтау және қанша ма мың жылдық тарихы бар Түркістан қаласы Қазақстандағы ең керемет туристік қалалар қатарына жатады.
Бұдан өзге елдің туристік және мәдени дамыған қаласы ретінде Шымкент, Тараз қалаларын да атап өтеді. Туристік саланың дамуы тек бір табиғат ортасымен шектелмейді. Инфрақұрылымдық салалар бойынша дамыған, мәдени ошағы кең, қонақжайлығы және көз тартатын жәдігерлерімен де ерекшеленеді.
Елдің туристік саласын дамыту үшін көптеген бағдарламалар қолға алынды. «Жасыл әлем» түсінігі тек қана таза ауа, таза қала емес, сонымен қатар туристік бағытты дамытуға арналған бірден-бір құндылық. Қазақстандағы туризмнің дамуы – елдің ішкі экономикасының өсуіне әсер етеді. Сондықтан әрбір ел азаматы өз қаласының, ауданының осы саладағы мехнизімін құрып, дамытуға үлес қосуға міндетті.
М. Ақан