19 қазан – құтқарушылар күні!

19 қазан – құтқарушылар күні!

Биыл Қазақстан Республикасы төтенше жағдайларға қарсы қызметінің құрылғанына 17 жыл толып отыр. Облыстық департамент құтқарушыларының күн сайын, әр сағатта атқаратын істерінің маңыздылығы мен мәнділігін айтсақ орынды. Күн сайын қандай қиыншылыққа тап келсе де, ТЖ қызметкерлері мейірімділігі мен өз ісін абыроймен атқаруға бар ынталарымен кірісуде.

Өткен уақыт аралығында елімізде мемлекетіміздің аумағындағы, сондай-ақ одан шеткері жатқан жерлердегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйесі қалыптасты.

Бүгінде Қазақстан ТЖМ қызметкерінің беделі жоғары екеніне дау жоқ. Осы жұмыстың нәтижесі – мыңдаған құтқарылған өмірлер.

Қандай қайғылы, қасіретті оқиға болмасын, бар күш-жігерін салып құтқару жұмыстарын жүргізіп жүрген Құтқарушылардың осы мереке күні жұмыстарына табыс, жанұяларына амандық және зор денсаулық тілейміз. Сіздердің ауыр еңбектеріңіз Сіздер құтқарған адамдардың алғыстарымен бағаланып, тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуіне үлесін қоссын дейміз!

Құрметпен: «Massaget.kz» порталының ұжымы

А. Құлтай